Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Жобаларымыз жаңа мазмұнмен толықтырылады

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» басылымына ұлттық идеологияның басым­дықтарын айқындайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Мақаланы білім мен тәрбие, идеология саласын зерттеп, осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар стратегиялық ұзақ мерзімді құжат ретінде қабылдады.

Жобаларымыз жаңа мазмұнмен толықтырылады

Себебі, бұл жария­ланымда еліміздің мемлекеттік идеологиясының болашақ дамуының бағдары және өркендеу эволюциясының маңызды кезеңдері, бүгіні мен болашағы зерделенген.

Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу» дейді. Ал ұлттық кодты сақтау бала­­ларымызды тәрбиелеуден бас­талады дер едім. Біз, ұстаз­дар, осы мақаладан тәрбие мәсе­лесіне айқын әрі нақты бағдар алып отырмыз. Назарбаев Зият­кер­лік мектептерінде іске асырылып жат­қан «Туған елге – тағзым», «Шаңырақ» оқушы­лар қауымдастығы», «Қазақ әндері», «Жүз күйдің тарихы», «Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларына ұсынылатын жүз кітап», «Таратуға тұрарлық идеялар: TEDx қазақша конференциялары», «Ауылдағы екі апта» және тағы да басқа әлеуметтік жобалары алдағы уақытта жаңа мазмұнмен толықтырылатын болады. Елбасы биылғы Жолдауында да білім мәселесіне баса назар аударып еді. Бұны өскелең ұрпағымызға деген үлкен қамқорлық деп түсінеміз.


Күләш ШӘМШИДИНОВА,

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру 

ұйымының Басқарма төрайымы

Суретті түсірген Валерия БУГАЕВА 


Соңғы жаңалықтар