Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Бюджетті игерген аудандарға сыйақы берілуі мүмкін

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді облыстың аудан-қалалары арасында бюджет қаржысын игеруден жарыс болуы әбден мүмкін.

Бюджетті игерген аудандарға сыйақы берілуі мүмкін

Өңір басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінде өткен жиындардың бірінде бюджетті игерген аудандарға сыйақы беру жөнінде ұсыныс айтты. Мұның себебі белгілі. Республикалық бюджеттен бөлінген ақшаны дер кезінде игермей, бұл мәселеге жүрдім-бардым қарайтын аудандар көп. Бұдан былай бюджет қаржысын кестеге сай игерген аудандарды ынталандыру мақсатында тоқсан сайын облыс бюджетінен демеуқаржы бөлінетін болады. Және бұл қаражат ауданның немесе қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталмақ. 

«Әр тоқсан сайын аудан, қа­лалардың мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаржыны кестеге сай игеруін сараптап, 100 пайыздық көрсеткішке ие болғандарын ынталандыру қажет. Ол қаржыны әкімдер жергілікті әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге жұмсайтын болады», – деді Д.Ахметов.


Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен


Соңғы жаңалықтар