Үкімет • 24 Сәуір, 2017

Саммиттің күн тәртібі айқындалды

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен ШЫҰ бас хатшысы мен ШЫҰ Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы Атқарушы комитеті директорының қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ШЫҰ СІМК) кезекті отырысы өтті.

Саммиттің күн тәртібі айқындалды

Кездесу Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің маусымда Астанада өтетін отырысына қорытынды дайындық кезеңі болды. «2016 жылдың маусымынан бастап Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етіп келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің өткен отырысында белгілеп берген, Ұйым шеңберіндегі Қазақстан тө­рағалығының негізгі басым­дық­тары сіздерге мәлім. Ол ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі да­му стратегиясын іске асыру тұр­ғысынан өңірлік қауіпсіздікті ны­ғайту, экономикалық ын­ты­мақ­­тастықты дамыту, транзит­тік-көлік әлеуетін ашу, мәдени және гуманитарлық байланыс­тар­ды тереңдету», – деді Қ.Әбдірах­манов өз сөзінде.

Отырыста министрлер ШЫҰ-ға жаңа мүше ретінде Үндістан мен Пәкістанның қосылу про­це­сін аяқтау мәселелерін тал­қы­лады. Қатысушылардың пікі­рін­­ше, бұл екі елдің толыққанды мү­ше етіп қа­былдануы даму мен көп­жақты ынты­мақ­тастықтың тү­бегейлі жаңа кезеңін ашып, Ұйымның халықаралық ықпалы мен беделін нығайта түседі.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Ұйымның эконо­ми­калық және мә­де­ни-гу­ма­ни­тарлық салаларындағы ынтымақтастықты күшейту қажет­ті­лігіне ба­са назар аударды. Қ.Әбдірахманов ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттер өкілдерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 шең­б­е­рінде бір­қа­тар іс-шаралар, сон­дай-ақ, Астанада XI білім ап­тасы, Өнер фестивалі және «Жа­сыл экономика, туризм мен спортты да­мыту» тақырыбында ШЫҰ Жастар форумы өтетінін хабарлады.

СІМК отырысы барысын­да қа­ты­су­шылар өңірлік қауіп­сіз­дікті нығайту, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қи­мыл, есірткі трафигіне қарсы күрес жөніндегі ша­раларды, ШЫҰ-ның алдағы кеңеюі шең­берінде ынтымақтастықты дамыту пер­спективаларын да талқылады.

Сыртқы саясат ведомство­лар­дың бас­шы­лары Ұйымға мү­ше мемле­кеттер басшыла­ры кеңесінің ша­ғын жә­не кеңейтілген құрамдағы отырыс­та­ры күн тәртібінің жобасы туралы ше­шім қабылдады. ШЫҰ Астана декларациясының жобасы келісілді. Сон­дай-ақ, Ұйым сам­митінің қоры­тындылары бой­ын­ша қол қоюға енгізілетін құжаттар тіз­бесінің жобасы туралы шешімге және басқа да құжаттарға қол қойылды.

ШЫҰ саммиті 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада өтеді.


Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024