Парламент • 25 Сәуір, 2017

Зардап шеккендер ұмыт қалмайды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Рашит Әкімов Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер  ұмыт қалмайды

Р.Әкімов Целиноград ауда­нындағы Семеновка ауылын­да жергілікті атқарушы орган­дар­дың жұмысымен танысты, тұрғындармен кездесіп, үй-жайын аралап көрді. Сенатор жағдайдың тұрақты бақылауда екенін және туындаған өткір мәселелер жедел түрде шешіліп отыратынын айтты.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде Р.Әкімов «Мен өз көзіммен көрейін, жағдайды бағалап, білейін деп келдім. Табиғатты 100 пайыз болжау мүмкін емес. Басшылар қолдан келгеннін бәрін жасап жатыр. Ешкім сіздерді ұмытқан жоқ, депутаттар Үкіметке тиісті сауал жолдады. Қазіргі кезде бүкіл облыс сіздерге көмек көрсетіп жатыр», – деді.

Ауданда апат салдарынан кел­ген зиян көлемін есептейтін арнайы комиссия жұмыс істеуде. Тұрғын үйлерінен, мүліктері мен малынан айырылған тұрғындарға қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкер­лерлер­дің және қайырым­ды жан­дар­дың тарапынан көмек беріледі.

Р.Әкімов Жаңажол ауы­лын­дағы тасқын суға салынған бөгетті де көрді. Сенатор осы өңірде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жанболат Смайылов пен Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеевтің қаты­суымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді.


Соңғы жаңалықтар