Парламент • 25 Сәуір, 2017

Вьетнаммен байланыс жақсара түспек

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исімбаева Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің сыртқы байланыс жөніндегі комиссиясының төрағасы Хоанг Бинь Куан бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Вьетнаммен байланыс жақсара түспек

Мәжіліс Төрағасының орынбасары делегация мүшелерін келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Вьетнам халқына жаңа табыстар мен игілік тіледі. Мәжіліс Төрағасы орынбасарының айтуынша, Қазақстан аталған елді Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптесі деп санайды. Вице-спикер атап өткен­дей, дипломатиялық қарым-қатынас орна­ған 25 жыл ішінде қос ел арасындағы ынтымақтастық барлық салада, әсіресе, саяси, сауда-экономикалық бағытта қар­қынды дамып келеді.

Өз кезегінде Хоанг Бинь Куан Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгеніне сенім білдірді.

Тараптар екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екендігіне назар аударып, осы ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы және Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімнің мүм­кіндігіне тоқталды. Басым бағыттар қатарында ауыл шаруашылығы, туризм, сон­дай-ақ, мұнай-газ салаларын атап өтуге бола­ды. Мәжіліс вице-спикері, сонымен бірге, парламентаралық қатынастарды терең­детудің маңыздылығына тоқталды. Бұл жолда ынтымақтастық жөніндегі топтар­дың өзара іс-қимылының, заң шығару қызметіндегі тәжірибе алмасулардың мүмкіндігі зор.

Кездесу барысында Г.Исімбаева меймандарды елімізде жүргізілген конституциялық реформа жайында толыққанды хабардар етті.

Жүздесуге, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары, «Қазақстан-Вьетнам» ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшелері Мұхтар Ерман мен Ирина Унжакова қатысты.


Соңғы жаңалықтар