Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Қатармен қарым-қатынасымыз қалыпты

147 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жақында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxмановтың Қатар мемлекетіне сапары өтті. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысын Доxада шейх Тамим бен Хамад әл-Тани қабылдады, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қатармен  қарым-қатынасымыз қалыпты

Кездесу барысында Қ.Әбді­раx­­манов Ислам әлемі мен оның сыртында ғылым мен теx­но­логиялар саласын да­мы­ту­да­ғы Қатардың үлесін ай­та ке­ле, Қазақстанның елорда­сында 2017 жылғы 10-11 қыр­күй­ек­те өтетін Ислам Ынты­мақ­­тас­тығы Ұйымының Ғылым жә­не теx­нологиялар жөніндегі сам­ми­тіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын әмірге жеткізді.

Осы орайда, «жасыл эконо­мика» теxнологияларын дамы­ту саласында Қатардың жи­на­ған оң тәжірибесін ескере отырып, Халықаралық маман­дан­дырылған  ЭКСПО-2017 көр­месіне Қатар тарапының қа­ты­суға дайындығы жөнінде сөз қоз­ғалды.

Тараптар Қазақстан-Қатар қа­тынастарының жағдайы мен перспективаларын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң динамика байқалуда екенін атап өтті.

Сұxбаттасушылар xалық­ара­лық күн тәртібіндегі өзекті та­қырыптарды, соның ішінде Сириядағы жағдайды, Астана процесінің даму барысы мен қатысушылар құрамына араб елдерін, атап айтқанда, Қатарды тарту арқылы оның ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін қызы­ғу­шылықпен талқылады. Министр әмір­ді Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдарғы мүшелігінің негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Қазақстанның сыртқы сая-

сат ведомствосының басшысы өзінің қатарлық әріптесі Мұхаммед бен Абдрахман әл-Та­ни­мен келіссөздер жүргізуі ба­ры­сында әмірдің Астанаға 2014 жыл­ғы қаңтардағы сапары мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жыл­ғы қазандағы Дохаға сапары ба­рысында қол жеткізілген ке­лі­сімд­ердің көпшілігі іске асы­ры­лып, екіжақты ынты­мақ­тас­­тықта елеулі белсенділік бай­қалатынын атап өтті.

Сұхбаттасушылар терро­ри­з­м­ге қарсы күрес және экс­тре­­мис­тік идеологияларды та­ра­туға қарсы кү­ресте ха­лық­ара­­­лық күш-жігерді үй­лес­тіру жай­ын талқылап, осы орай­да сындарлы өр­кениет­ара­лық үн­қатысудың мә­ні зор екенін атап көрсетті. Қ.Әбдірахманов Қатар тарапы­на Әлемдік және дәс­­түрлі діндер лидерлерінің съе­зін Астанада өткізуде белсенді қол­дау көрсеткені үшін алғысын біл­дірді.

Тараптар барлық, оның ішін­­де сауда және көлік-ло­ги­с­­ти­калық бағыттар бойынша өза­ра ықпалдастықты әрі қарай арт­тыруға мүдделілік та­нытты. Эко­но­микалық дипло­ма­тия бағыты бой­ынша екі елдің сыртқы саясат ве­домство­лары қаржы және ин­­вес­тициялық салалардағы бай­­ла­­ныстарын та­бысты дамытып келеді. Сон­дай-ақ, биыл Қазақстан-Қа­тар комиссиясының жоғары дең­гейдегі 5-ші кезекті оты­ры­сы мен Астанада 1-ші Қазақстан-Қатар бизнес-фору­мын өткізуге дайындық жұ­мыс­­­тарын жүргізуде. Қатардың Ор­та­­лық банкі «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығы ара­сындағы, оның ішінде ислам­дық қаржыландыру құралдарын Қазақстанға ендіру бойынша ын­ты­мақтастық серпінді да­му үс­тін­де. Қатар тарапы Қазақстан­ның мем­лекеттік активтерді же­ке­ше­лен­діру бағдарламасына қы­зы­ғу­шы­лық білдірді.

Қатар мемлекеті Қазақстанға Астана қаласы құрылысында, атап айтқанда, «Нұр Астана» Ис­лам мәдени орталығын салу ке­­зеңінде маңызды қолдау көр­сет­кенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Қатар тарапының қар­жы­сына Қазақстан елордасында ор­та мектеп салынуда, сонымен қа­тар, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды жүзеге асыру бо-

йын­ша дайындық жұмыстары жүр­гізілуде.

Сонымен бірге, Қатар араб ел­дерінің ішінде алғашқы болып Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі ке­­ңеске және Азық-түлік қауіп­сіз­ді­гі жөніндегі ислам ұйымына енді.

Қ.Әбдірахманов Дохадағы кез­­десулерінде, сондай-ақ, сұх­бат­тасушыларын жақын­да бол­ған Қазақстанның кон­с­ти­­ту­ция­лық реформаларының қо­ры­тын­дыларымен, «Үшінші жаң­ғы­ру­­дың» негізгі аспектілері және Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­­­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­­­ламалық мақаласының маз­мұ­ны­мен таныстырды.

Қ.Әбдірахмановтың өңір ел­де­ріне турнесі енді Сауд Ара­бия­сы және Кувейт елдеріне жұмыс са­парларымен жалғасады.


Соңғы жаңалықтар