Аймақтар • 25 Сәуір, 2017

Биыл Астанада 6 мектеп ашылады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Астанада жыл соңына дейін 6 мектеп ашылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Биыл Астанада 6 мектеп ашылады

Астана қалалық Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта елордада 130 542 оқушыны қамтитын 95 жалпы білім беру мекемесі бар, соның 84-і -  мемлекеттік.

 Мемлекеттік мектептердің 56-сы жаңа типтегі оқу ордалары және олар 95 984 оқушыны қамтып отыр, өткен оқу жылында - 84 149, соның ішінде 4 гимназия, 26 мектеп-гимназия (гимназиялық сыныптарда), 4 лицей, 21 мектеп-лицей (лицей сыныптарында) және біреуі дарынды балаларға арналған  мектеп. Сондай-ақ, елордада 3 625 оқушыны біліммен қамтып отырған 11 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. 

2016-2017 оқу жылында 2 мектеп ашылды - 600 орындық № 26 (апатты деп танылған мектептің орнында), 1 200 орындық № 84 мектеп. 

Қазіргі уақытта 6 мектептің құрылысы жүргізілуде, оларды 2017 жылдың соңына дейін тапсыру көзделген. Сонымен бірге, №37 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс және коррекциялық мектеп-интернатқа 375 орындық қосымша құрылыс салынуда.  


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024