Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Балық қырылып қалды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Глубокое көлінің жағалауында тау болып үйіліп жатқан балық­тарды алдымен тұрғындар байқап қалып, тиісті орындарға хабар бер­­ген.

Балық қырылып қалды

Оқыс оқиға орнына жедел жеткен табиғат қорғаушылар тол­қынмен құрғаққа шығып қалған мөңке балықтарын күні бойы жинап, бес тоннаға жуық екенін есептеп шығарған. «Қолды» болмас үшін арнайы пештерде өртеген.

Мамандардың айтуларын­ша, бір­неше рет тендер ұй­ым­­дас­­ты­рыл­­­­­­­ғанына қарамастан, жал­ға алу иелері табылмау себе­­­бі­нен көл қыс бойы қарау­сыз қал­ған. Еш­кім суға оттегі жібе­ріп, аэрация шараларын жаса­­маған­дық­тан, қырылып қалу­лары мүм­кін деген болжам баса айтылады.

«Сақтықта қорлық жоқ» деген. Қандай да бір ауруға шалдықты ма, жоқ па деген сауалға нақты жауап алу мақсатымен арнайы сараптама жұмыстары да жүргізілетін болады.


Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»


Солтүстік Қазақстан облысы,
Мамлют ауданы



Соңғы жаңалықтар