Қазақстан • 27 Сәуір, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​27 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тек батыс және шығыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерінде - найзағай. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, найзағай, бұршақ. 

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болады. 

Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Павлодар, Қарағанды, Ақмола облысының кей жерлерінде - найзағай болады. 

Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.


Соңғы жаңалықтар