27 Сәуір, 2017

«Құс жолының» қиқулы тарихы - 4

490 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Түркілердің бастапқы өркениет ошағы хақында

«Құс жолының» қиқулы тарихы - 4

(Соңы.

Басы 77-80 нөмірлерде)

Үндістанда ортаазиялық түр­кі­лер құрған Дели сұлтандығы (1206-1526), кейін сұлтандық ор­нына келген Әмір Темірдің шө­бере-шөпшегі Бабыр құрған Ұлы Моғолдар империясы туралы бұ­рынғы кеңестер кеңістігінде жа­зылған еңбектер болды, бі­рақ Орта Азиядан ауып келген осынау ірі тарихи тұлғалар іргесін қалаған мемлекеттердің жергілікті халқының кімдер екендігі туралы жұмған ауыз ашыл­мады. Оларды дравидтер, андхралар, телегулер, тамильдер, каннарлар, малая­ли­лер деп жазбауға амал бол­ма­ға­нмен, олардың түркілер екені барлық басылымдарда мұ­қият өшіріліп қана қоймай, олар­дың әргі тектері туралы әдейі бұрмаланған ақпарлар беріл­ді. Энциклопедиялар оларды аф­рикалықтар, зәңгілер, үнді­еуро­палықтар деп жазды. Ал Үндістан топырағында мемлекет, им­перия құрған түркі әулеттері – басқа топыраққа жер арқасы қияннан ауып келген үркердей шағын топ, жергілікті халықты то­нап, қанаушы деп суреттелді.

1600 жылдардан басталған ағылшын, португал, француз отар­шылығының жаугершілік қа­руы алдымен оңтүстік өлкелер мен теңіз жағалауын мекенде­ген дра­вид түріктеріне бағытталды. Бабыр негізін салған Ұлы Моғол­дар импе­риясы әмірлерінің әске­ри күш-қуа­ты ағыл­шын­дар­ға қар­сы соғыс­қа жұ­мыл­дырылды. Олар шет ел бас­қын­шы­ла­ры­мен аян­бай жағаласты. Ұлы Моғол­дар им­пе­рия­сының соңғы әмірі Сираж-ад-Дин Баһадүр ағыл­шындарға қарсы халық кө­те­рі­лісін бас-

тап, 1858 жылы отар­шылардың қолына түсіп, Бирма түрмесінде өлді. Алайда, үн­ді халқының азаттығы үшін жанпидаға барған шын күре­с­кер­дің аты ұмыт болды.

Ағылшындар қазіргі кезде жаны да, тәні де, рухани мұ­рат­тары мен өмірлік көз­қа­рас­т­а­ры үнділеніп біткен арғы тегі үнді­еуропалық болып саналатын арий тайпасы өкілдеріне айрықша іш тартып, оларды Англия оқу орындарында көп­теп оқытып, Үндістандағы үкі­мет басқару ісіне молынан қам­ты­ды. Үндістан топырағында азат­тық жолындағы күрестер тын­­бай жүріп жатқанмен, 1896-1902 жылғы ағылшын-бур, 1906 жылғы ағылшын-зұ­лыс со­ғы­сында негізінен арий өкіл­де­рі­нен тұратын Үндістан үкі­меті ағылшындарға көмекке кел­д­і. Осы жағдай ағылшын отар­шыларының үнділерге көз­қара­сын өзгертті, олардың жау емес, дос екеніне көздері жетіп, өз-өзін бас­қару құқығын беруді ойлас­тыр­ды. Сырт көрінісі бір бөлек, ішкі мағынасы бір басқа болып келе­тін ағылшынның көлгір сая­саты ақыры Үндістанды тас­тап шыққандай күн туса, би­лік тізгінін арийлердің қолы­на беріп кетудің қамын қам­дан­ды. Махатма Гандидің тегеурін­ді қарсылықтарға бармай, кө­ше­лерде иіріліп отыру, бейбіт ше­рулері мен петициялық күрес­те­рі арғы жағында ағылшын саясат­шы­ларының қолымен үйлес­тіріл­ген әрекет ұшығы бай­қа­ла­ды. Ұзақ жылдар кертартпа касталықтың шырмауында болып, Үндістан саяси-әлеуметтік өмі­рінде белсенділік көрсете алмаған арийлердің беделін ағылшындар қолдан көтеріп, үкімет басына Махатма Ганди мен Джавахарлал Нерудің келуіне жағдай жасап, жол ашты.

Ұзаққа созылған күресте дравидтер ұлттық-территориялық штаттар құруды талап етті. Олар­дың талабы 1956 жылы ға­на жүзеге асты. Сөйтіп, тамиль­дер мекендейтін аймақта – Тами­лиад, телегулар аймағында – Андхра-Прадеш, каннарлар ай­мағында – Карнатака, малаялилер аймағында – Керала штаттары құрылды. 1995 жылғы санақ бойынша дравид түркілерінің өкілдері телегулер – 51 млн, тамильдер – 46 млн, каннарлар – 24 млн, малаялилер – 22 млн, гондтар мен кандхилер – 24 млн, ал соңғы санақ бойынша олардың қатары әжептәуір молайды.

Сонымен, қазіргі лингвист ғалымдардың сараптауынша, Үндістандағы түркі тілінде сөй­лей­тін, жазатын дравид қауымы жеті топқа жіктеледі: солтүстік-батыс тобы – брахуйлер, сол­түс­тік-шығыс тобы – курукх, манголар, орталық Үндістан тобы – колам, пардж, найк, чадабалар, гондаван тобы – гонды, конда, пенго, шанда, куй, кувилер, оңтүстік шығыс тобы – телугулер, оңтүстік-батыс тобы – тулу, корага, белларлар, оңтүстік тобы – тамиль, малаяли, коннада, тода, кота, кодагу және т.б. Үндістанның астанасы Дели – ежелгі дравид түркілерінің отаны болып саналады. Үндістан халқының 25 пайызы түркілер, 260 млн адам. Түркі тілдерінен ең дамығаны тамиль тілі, түрік тіл­ді әдеби шығармалар негі­зі­нен осы тілде жазылады. Алай­да, неше мыңдаған жылдармен өлшенетін замана ағымын бас­тан өткеріп, неше түрлі мем­ле­кет­тіктер аясында дәуірлеп, құл­дырап, бірігіп, ажыраған олар­дың байырғы саналарының қай дә­режеде екені көнелікке әуес дәс­түршіл қауымдарды алаң­дат­пай қоймайды.

Сонымен, осынау ұшан-те­ңіз, көл-көсір деректердің ая­сында біздің ғалымдардың ежел­гі шумер дастандарынан тур­киш, ассирия сына жазуынан турки, урарту жазбаларынан турух сынды жекеленген атау­ларды кездестіріп, Қиыр Оң­түстік Азия топырағынан тү­рік этносының іздерін сарыла із­деп, сенер-сенбесің екіұдай ша­лажансар болжамдар жасап келгендері қазір күлкілі кө­рі­неді. Аталмыш топырақта ата-бабаларымыз жасаған ұлы мә­де­ниет – элам-дравид өркениет оша­ғы жатқанына, оның ай­шық­ты іздері әлі де жоғалмай жар­қырап тұрғанына енді ғана көз жет­кізу әрі күйінішті, әрі қуа­ныш­ты. Еуроцентристік идеоло­гия түрікке қатыстының бәрін то­пы­раққа көміп, бетін мұқияттап жау­ып, жасырып тастаған. Көзге кө­рі­неу көрініп тұрғандардың өзін бұр­ма­лай баяндап, тарихи тұр­ғыдан же­тіл­меген әлжуаз, ба­лаң миымыз­ды ша­тыстырып, бас­қа қиырға салып жіберген. Эламды парсылық мәдениет деп, дравид түркілерін ауызға да алмай, дравид храмдарында буулы жатқан «потхи» жазу­ла­рын зерттеуді керіге ысыру­мен келгені де көпе-көрінеу. Оның арғы астарын түсіну де қа­зір қиын емес: Азия мен Еуро­па­ның мол терри­ториясын қам­тыған ау­қым­­ды түркілік мә­дениет се­мит­тер­дің де, үнді­еуро­па­лық­тар­дың жасаған ареалын қу­сы­рып, тыныстарын тарылта бас­таған-ды.

Тарих тақырыбына қалам тар­тқан көздері қарақты қалам­гер­лер­дің бар жігер-күші еуроцентризм терісін айналдырып кигізіп, бұра тартқан қыңыр қа­ғи­далармен аянбай күресумен өтетіні қазірден белгілі болып отыр. Соның тағы бір көрнекті мысалы бітеу қабырға болып алдымызда тұр.

Жоғарыда біз Топан тасқыны сапырылысында қиыр оңтүстік өлкелерді жайлаған орал-алтай және үндіеуропа тілді ха­лық­­тардың су шаймаған биік Еуразия қырқасына жөңкілгенін айт­қанбыз. Осы әлемдік зілзала тұсында Алдыңғы Азияны жай­ла­ған үндіеуропалықтардың дені Балқан түбегіне жылжыған да, азы Орта Азия топырағына келіп, Памир таулары мен орта­азия­лық қос өзен аңғарында кіді­р-

ген. О бастан-ақ биік таулы өлке­лерге қоныстанған үнді­еу­ро­­палықтардың бір тармағы кар­та­вел тілді армян, грузиндер орын­да­рынан қозғалмаған. Б.з.б. 5-ші мың­жылдықта Гималай тау­ының сыр­тына орныққан тох­артайпалық қау­ымы дах, дак атымен Орал тауы өңіріне құйылған. Шындап кел­генде, орал тілді халықтардың ұй­ысуына осы дахтар шешуші әсер етті.

Тох, тохар да, дах, дактар да – әртүрлі диалектілік дыбысталудағы бір атау. «Таулықтар» деген сөз. Гималай тау­ларының биік жоталарын мекен­де­гендіктен осылай атанған. Еуразия өмірінде орын алған осынау тарихи процесс орыс зерттеушісі В.В. Ивановтың «Тохары» еңбегінде былайша баяндалады: « Про­тохарский язык восходит к особому диалекту общеиндоевропейского праязыка. На последнем говорили около V – IV тыс. до н.э. племена, обитавшие сущес-

твенно западнее Центральной Азии: либо в Северном Причерноморье,либо в приволжско-уральских степях. При любом из приурочений индоевропейской прародины остается несомненным, что отделившись от других родственных диалектов, пратохарский должен был проделать очень большой путь, последний этап которого ведет через Среднюю Азию в Восточный Туркестан» (Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. М., 1992. Тохары. 6 с.). Аталмыш қауымның түп тегі үндіеуропалық делінуі таласты болғанмен, б.з.б. 5 мыңыншы жылдары олардың Орал тауларының оңтүстік өңірлері, Еділ-Жайық аралығы, там-тұмдап Қаратеңіз өңіріне иек артқаны дау туғызбайды. Демек, б.з.б. 5-ші мыңжылдықта Гималай то­ха­­р­ларының тегеурінді қалың ілегі қазақ топырағының батыс өлкелеріне келіп қоныстанған. Оны нұқып көрсеткендей болып отыру себебіміз – батыс өңір тай­па­ларының қалыптасуында осы этностың шешуші орны барына мән беру.

Орыс ағайындар тегі үнді­еуро­палық деп талас тудырып отыр­ған тохар тілі лингвис-

тика ілі­­мінде тохар-сақ тілі деп аталады. Соның бір өзі-ақ тохарларды үндіеуропалық деуге – сақтықпен қарау керектігін ескертіп тұрған жоқ па? Тохар тілі туралы зерттеулер Шығыс Түркістаннан кезіккен тілдік жәдігерліктер негізінде жүргізілді. Оның «А», «В» деген екі диалектісі сарапталды. Ежелгі тохар тілінің алдыңғы азиялық хет, лувий, оңтүстік азиялық элам, дравид, қала берді орал тілдерімен жақындығы анықталып отыр. Элам, дравид, орал тілдерінің түркі тілдері тобына кіретінінің басы ашық. Таласты болып отырған алдыңғы азиялық хет, лувий тілдері. Еуропа, орыс ғалымдары оларды үндіеуропалықтар қата­ры­на жатқызып буынсыз жерге пышақ ұрып әуре. Құдайларын «Тәуба түпі» деп атап, жаратушы құдіреттеріне Құмарби, Астаби, Тархан, Аланзу, Хази, Көтен деп түр­кі тілінде ат қойып, Страбонның куә­лендіруінше ата-бабалары өсіп-өнген топырақты «Кетей» деп, сол туған өлкені кесіп өтетін өзенді «Қайық» деп атаған хеттерді қалайша үндіеуропалық деуге болады (Страбон. География. М., 1994. 581 с.). Тарихшы ғалымдар хеттардың иероглиф жазулары болғанын қақсап айтқанмен, оны іздеген, мән берген, қолға түскен қиынды, жарықшақтарын аударған жан баласы болған жоқ (Иосиф Флавий. Иудейские древности. Том 1. Минск, 1994. Сілтеме – 91. 513 с.). Хеттердің түп төркінін бұл­тар­тпайтын ол жазулар үнді­еуро­палықтардың жыртысын жыр­ту­шыларға қажет болмады.

Түркі халықтарының рулық құрылымын зерттеген Н.Аристов арқылы бізге жеткен Канададағы Монреал университетінің профессоры Джон Кемпбелл Синайдағы жұмбақ таңбаларды, батыс Үн­діс­тан мен Қабулистандағы парфян, ариан-палий жазуларын хеттердің мұралары деп біледі. Оның пайымдауынша: ежелгі ескі замандарда тұран тайпалары арасынан өркениетті ел дәрежесіне алғаш жеткен хат, хет қауымы. Үндіеуропалықтардың тегеурінді қысымына шыдас бермеген хеттер байырғы отандары Алдыңғы Азияны тастап шығып, б.з.б. VIII ғасырларда Сирия, Месопотамия, батыс Индия жерлерінде өмір сүрген. Ассирия патшасы Саргоннан қатты жеңіліс тапқанмен, батыс Үндістан топырағында будда дінін қабылдап, әлі де ұзақ билік жүргізген. Бұл өңірді жайлана жастанған үнділік арий брахмандары будда дінін тұншықтырып, тыныштық бермеген соң, Гималайға ұзап, тохар сақтарының арасына қоныстанған (Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. С.-Петербург, 1897. 109 б. Сілтеме – 1.). Міне, тохар тіліндегі хеттік элементтер осы кезде пайда болған. Хеттер ортаазиялық және орта сібірлік сақ қауымының іргеленуіне елеулі септігін тигізді. Тохар арасындағы хеттердің бір қайратты топтары Алтай арқылы Сібірге өтіп, Шүй, Би, Қатун өзендері бойында әйгілі кет суперэтносын қа­лып­та­ды. Тұра-келе хитя атанған олар бір­тіндеп шығыстағы Хинган тауларынан ауып, моңғолдардың бұрмалауымен хитай атанып, олардан Жетісуға бөліне көшкен бір тобы қара қытай атымен белгілі болды. Тарихтың кейде жақыныңды жат етіп жіберетіні болады. Хеттер ақыр соңында осындай кепті киді. Алайда, Жетісуға ауып келген қара қытайлар ортаазиялық саманидтерден қарахандық түріктерді қорғап, наймандардың қатарын толықтырып, қалғандары қытай қыпшақ атанып кетті.

Н.Я. Бичурин: «Қытай тарихы үйсін­дер­ді ерте кездерде Ауғанстанды мекенде­ген сэ (сақ) халқының бір тармағы» деп жаз­ған (Бичурин (Иакинф). Средняя Азия и Вос­точный Туркестан. Алматы, 1997. 113 – 114 с.). Бұл шын мәнінде тохар сақтары деген боп табылады.

Бұл орайда тілге тиек деректемелер жеткілікті. Соңғы жылдар зерттеулері Тохарстанның Ақарун тайпасымен шығыс түркістандық Ақие (Қарашар), сарыарқалық Арқа (Янь) бектігінің байланыста дамығанына көз жеткізіп отыр. Тохарлық арқа сөзінің тура ма­ғы­насы-ақ. Сөйтіп, Есіл-Нұра өзен­дері бойында қалыптасқан ұлыс­тың халқы арги, ұлыстың өзі Арқа атанғаны біртіндеп сыр аша бас­тады (Сарай Ә. Бес Мейрам. Астана,2016. 37 – 41 с.). Енді кеп, осы гималайлық дах, дакилердің жұртының бір бөлігінің Орал тауы етегі, Еділ-Жайық арасына қоныс аударғанына куә боп отырмыз.

Осымен, «Құс жолы» бойлығы хи­­кая­лары» атты тарихи баянымыз

соң­­­ғы нүктесіне жетті. Бұл кезеңге әдейі ат басын бұрып, тоқтала саралау себе­бі­міз: ұзара созылған Еуразия жотасында ете­­не тән эникалық қауымдардың пайда бо­­лу қарсаңында халықтың көшіп-қонып, жа­ңа­дан қоныстану тәртібін байқастау еді.

Әнес САРАЙ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты



Соңғы жаңалықтар