Аймақтар • 27 Сәуір, 2017

Жақсының аты «өледі» екен...

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды шаһарының басшылығы қайда қарап отыратынын білмей-ақ қойдық? Қалаға қарайтын кезде далаға, далаға қа­рай­тын кезде қалаға қа­рай­ды...

Жақсының аты «өледі» екен...

Мақаланы оқу үшін, одан белгілі бір қорытынды шы­ғару үшін жазсақ керек-ті. Айтылған мәселе айтылған жерде қа­лады...

Барлығын ысырып қойып, мына өрескел қатені қараңыз!

«Б.Жырау даңғылы 51/1».

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мекемесінің маңдайшасына баттитып тұрып шегелеген. Заманында «Көмекей әулие» атанып, Абылай ханның оң тізесін басқан кеңесшісі, әйгілі жырау – Бұқарекеңнің аруағынан ұялса нетті? Я болмаса, қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мырза Бұқар жы­рау даңғылымен жүріп көрмеген бе? Немесе...

Әйгілі патша Иван Гроз­ныйдың есімін «И.Гро­з­­ный» деп жазып қой­­сақ, қалай шамданар еді, қа­лай көзге қораш кө­рінер еді?! Тарихты біл­мей­тін дүм­білездердің «Б.Жы­рауын» оқып жылауың ке­рек. Белгілі заң талап­та­рына сәйкес бекітілген көше атаулары жазыл­ған тақтайшаларды қатесіз басып, біріздендіру тәртібін қатаң қадағалауға алу шарт. Қаланың сәулетін, бабаның сәулесін көлегейлейтін мұндай сорақы қателерден қашан арылады екенбіз?..

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ



Соңғы жаңалықтар