Елбасымыздың жуырда барша халыққа жол тартқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын бүтін бір мемлекеттің тамырына қан жүгіртіп, жан-жақты дамуымызға жол ашатын мәні терең тарихи құжат деп түсінеміз. Дамудың даңғыл жолын қалыптастырып, елдігімізді қуаттап, бірлігімізді бекемдейтін бір мақсат жолында жұмылып, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауға бағыттайтын мәні терең мақалада айтылған әр бағдарламаның орны бөлек. Дамыған озық технологияларды игеріп, бірнеше тіл меңгерген, бәсекеге барынша қабілетті зияткер ұрпақ – мемлекеттің келешегі.
Әлемнің әр түкпірінде дау-жанжал, түрлі қақтығыстар орын алып жатқан қиын шақта тұрақтылығымыз бен татулығымызды сақтап, бейбіт өмір сүріп отырғанымыз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы деп білеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі ретінде ел тарихында орын алып жатқан елеулі мерекелермен барша қазақстандықты құттықтаймын. Ұйғыр этномәдени бірлестігі бірлік пен берекені, сенім мен ізгілікті, татулық пен тұрақтылықты әрдайым қолдайды. Еліміздің мерейі үстем болып, мемлекетіміз қарыштап дами берсін.
Шаймардан НҰРЫМОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы