Медицина • 28 Сәуір, 2017

Бақыт деген – бірлік пен бейбітшілік

905 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​Мемлекет басшысы: «Бүгінгі Ассамб­лея тарихы ол тұрақтылықтың, тату­­лық­­тың, бейбітшілік пен келісімнің шежі­ресі болып саналады. Бірліктің киелі бесігі, елді ортақ мақсатқа жұмыл­дыратын бірегей тетігі», – деді өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында сөйлеген сөзінде.

Бақыт деген – бірлік пен бейбітшілік

Асы­ра айтқаным емес, Елбасының әр сөзі мені толқытты, тебірентті. Осындай ғажап елде өмір сүріп жатқанымызға, қоғам­дағы тыныштық пен тұрақтылыққа тағы да риза болдық, рахмет айттық.

Қаншама ұлттың өкілі араздық дегенді білмей, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Мен ешқашан қазақ емес екенімді сезініп көрм­еппін. Осы елдің тең құқылы аза­­маты ретінде барлық арман-мақ­сат­тарыма жетіп келемін. Бүгінде ба­қытты әкемін, немерелерім де қазақ жерінде өсіп жатыр, кәсібім де өркен­деп келеді.  «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі жанынан құрыл­ған балалар би ансамблі Ассамблея жиынында өнерлерін көрсетті. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. 2012 жылы құрылған ансамбль мен хор облыста өтетін барлық мәдени шаралар мен республикалық, халықаралық байқау­ларға қатысып, жоғары марапаттар иеленіп жүр. Өткен жылы да Астана­да «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жыл­­дығы» атты этномәдени фести­вальге қатысты. Енді ЭКСПО қонақ­тарына өнерлерін көрсетуге дайын­дық үстінде. Өз ұлтымыздың құнды­лықтарын, дәстүрі мен салтын осы­лай­ша дамытып, насихаттау үшін Қазақ­станда барлық жағдайдың жасалғаны бізді шын қуантады.

Облыстағы 17 этномәдени бірлес­тік­тің барлығы да қоғам өміріне бел­сен­ді атсалысады. Атыраудағы Достық үйі бейбітшілік пен бірліктің орда­сына айналды. Еліміз тыныш, жағ­дайымыз жақсы, менің ойымша бақыт деген – осы!

Зураб БОБОХИДЗЕ,

«Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы

АТЫРАУ


Соңғы жаңалықтар