Елбасы ұсынған «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» және басқа да зор көлемді жобалар ұлттық сананы жаңа сатыға көтеретініне біз сенімдіміз. Сан ұлттың өкілдері бас қосқан сессия сөз жоқ, біздің мемлекетіміздің қуаты бірлікте, өзара сыйластықта екенін тағы бір жақсы көрсетіп өтті.
Шындығында, рухани жаңғыру тек бүгін басталған жұмыс емес еді. Бізде тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс-шаралар атқарылды. Бүгінде әлем бойынша 9-орынды иеленген ұлан-асыр жерді ұрпаққа аманаттаған жауынгерлік және ерлік рухымен қатар, Қазақ даласы ежелден қонақжайлылық, даналық, парасат пен татулықтың жоғары дәрежесін көрсетті. Тағдыр жазуымен біздің аталарымыз осы қасиетті жерде ошақ құрды. Ал бүгін біз бір тудың астындағы біртұтас Қазақстан азаматтары екенімізді мақтанышпен айтамыз.
Мәселен, 2003 жылы 15 қазанда Қарағандыда облыстық литва «Литуаника» ұйымы құрылды. Мұның өзі сол уақытта рухани жаңғыруға алғашқы қадамдар болатын. Ал облыс орталығында Достық үйі ашылғалы ол мүмкіндіктеріміз арта түсті. Бұрындары тек іс-шараларда бас қосатын болсақ, бүгінде Достық үйі облысымыздағы түрлі ұлт өкілдерінің мәдени тоғысып, толысуына ықпал етуде. Сондай-ақ, Достық үйінде ашылған медиация мен халық шығармашылығына арналған арнайы кабинеттер нәтижелі жұмыс жасауымызға жол ашты. Осы жұмыстардың озық үлгісіндей, «біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сәтті қадамдар әр қазақстандыққа берілген мүмкіндік».
Барлық отандастарымды алда келе жатқан достық мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Виталий Ионо ТВАРИОНАС,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, облыстық литва этномәдени бірлестігінің төрағасы
ҚАРАҒАНДЫ