«Д.Қонаев, Мәңгілік Ел көшелерінде көлік кептелісін азайту мәселесіне тоқталатын болсақ, биыл ЭКСПО басталғанға дейін 24 және 26-ші көшелердің құрылысын аяқтаймыз, 31-ші көше соңына дейін ашылады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Ұлы Дала үлкен магистралінің құрылысын бастадық, бұл жол ЭКСПО ауданы мен жаңа теміржол вокзалы аралығын қосады», – деді С.Хорошун.
Өз кезегінде депутат Рашид Ахметов сол жағалаудағы Мәңгілік Ел, Д. Қонаев және Достық көшелеріндегі көлік ағынын дұрыс реттеуге қатысты қандай шаралар қабылданатынын сұрады.
«Аталған көше қиылыстары бойынша біз екі нұсқаны пысықтап жатырмыз. Яғни, көлік кептелісін азайту үшін жол айырығын салу ескерілуде. Бұл жол айырығын жер үстінде немесе жер астында салу мәселесін қарастырып жатырмыз», – деп нақтылады әкім орынбасары.
Оның айтуынша, 29 мамырда ақылы көлік тұрақтары бойынша қанатқақты жоба аясында 400 орын ашылады. Сондай-ақ қазан айында қала аумағында тағы 9 мың орын ақылы тұраққа көшеді.
Бұған қоса, әкімнің бірінші орынбасары көшеде көлік санын азайту мақсатында азаматтардың жұмыс кестесін өзгерту жоспары әзірленіп жатқандығын атап өтті.
«2-3 аптада тұрғындардың барша санаттары үшін жұмысты бастау кестесін өзгерту бойынша шешім қабылдаймыз. Атап айтқанда, қала тұрғындары сағат 8-9 кезінде бір уақытта жұмыстарына шықпас үшін, жұмыстың басталу уақытын өзгертпекпіз», – деп түйіндеді ол.