Аймақтар • 28 Сәуір, 2017

Қостанайда Елбасы мақаласына арналған семинар-тренинг өтті

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​«Рухани жаңғыру – қазақстандық қоғамның бірігуі мен дамуының негізі» тақырыбында өткен семинар-тренингті облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Нұршаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына арналды.

Қостанайда Елбасы мақаласына арналған семинар-тренинг өтті

Семинарға жергілікті жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалым оқытушылары, партиялар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Алдымен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысушыларды маңызды шараның өтуімен құттықтап, олардың жұмысына табыс тіледі. 

Семинар-тренингтің алғашқы бөлімінде Алматы қаласынан келген ҚМЭБИ университеті Бұқаралық коммуникация департаментінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Гүлнар Асанбаева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, саясаттану Phd докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының директоры, Ұлттық тарихшылар конгресінің ғалым-хатшысы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру басқармасының басшысы Гүлбара Сұлтанова Елбасы мақаласына орай терең мазмұнды баяндамалар жасады.

«Төртінші индустриялық революция бізге көптеген қолайсыз жағдайдар әкеледі. Шамалы жылда бүгінгі көптеген мамандықтар керексіз болып қалады. Олардың жұмысын роботтар атқарады. ХІХ-ХХ ғасырда журналистиканың стандарттары қалыптасты. Технологияның аса жылдам дамуына байланысты сол стандарттар қазір көмескіре бастаған», – деген Гүлнар Досқалиқызы Қазақстандағы БАҚ мысалында журналистиканың проблемаларын ортаға салды. Сонымен қатар басқа спикерлер де Елбасы мақаласында айтылған мәселелерге терең талдау жасады. Жас ұрпақты отаншыл, патриот етіп тәрбиелеу, ұлтымызтың жаһандану мен төртінші индустриялық революция әкелетін қиындықтарға төтеп бере алуы, өзге мәдениеттердің жетегінде кетпеуі үшін қоғамдық-саяси іс-шараларды идеологиялық қолдау, сол үшін атқарар жұмыстардың бағыт-бағдарын жасады.

Семинар-тренингтің екінші бөлімінде қатысушылар секцияларға бөлініп жұмыс істеді.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ  

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20