Аймақтар • 28 Сәуір, 2017

Алматы түні бойы ақ жауынның астында қалды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнімен нөсерлетіп, тіпті кейде үдетіп, шелектеп жауған ақ жауын алматылықтарды әбігерге түсірді. Қалалық ТЖД баспасөз орталығының мәліметі бойынша, тұрғындар таң атқанша тынымсыз қоңырау шалған.

Алматы түні бойы ақ жауынның астында қалды

Түнгі сағат 24.15-те қала бойынша жаңбыр суының зардабына ұшырады деген 60 оқиға тіркелген. Барлығы 47 жекеменшік үйдің ауласын су басып, 9 көшеде көлік қозғалысы тоқтатылған. «Азия» сауда орталығының көлемді үш нысаны, «Алматы оптика» әмбебеп дүкені мен «Ботагөз» балабақшасының аумағы да жаңбыр суынан жиналған айдынның астында қалған. 

Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметі таң атқанша жедел жәрдемдесу қызметінде жүрді. Зардап шеккен нысандар мен тұрғын үйдің азаматтарына қол ұшын беру үшін тиісті мекемеден 50 адам, 20 қуатты техника, 24 су сорғыш жұмылдырылды.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Жаңбыр таң ата басылды. Бірақ, Қазақстанның гидрометеорология орталығы бүгіннен бастап 1 мамырға дайын Алматы қаласы мен Алматы облысында түндегідей күшті нөсер жаңбар қайталанытынын ескертіп отыр. Таулы аймақта өте күшті жел тұруы ықтимал.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»



Соңғы жаңалықтар