Аймақтар • 28 Сәуір, 2017

Шығыс Қазақстан облысында 74 дәрігерге пәтер беріледі

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Өңірде медицина мамандарының тапшылығы мәселесі әлі де толық шешімін таппай отыр. Әсіресе акушер-гинеколог, невролог, трансфузиолог, психиатр, фтизиатр, реаниматолог және анестезиолог секілді қызметкерлерге зәрулік байқалады.

Шығыс Қазақстан облысында 74 дәрігерге пәтер беріледі

Былтыр облысқа 127 дәрігер қажет болса, биыл бұл көрсеткіш біршама төмендеп, дәл қазіргі уақытта 74 ақ халаттының орны бос тұрған көрінеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова айтты. 

Бүгін Өскеменде өткен жиында аймақ басшысы Даниал Ахметов 74 маманды жыл аяғына дейін қызметтік баспанамен қамтуды тапсырды. «Қай қалада, қай ауданда мамандардың жетіспеушілігі барын анықтау қажет. Бұл мәселені тез арада шешпесе болмайды», – деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта Өскеменде медицина қызметкерлеріне арналған 70 пәтерлі жатақхана құрылысы салынып жатыр. Ғимарат сәуір айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар