Қазақстан • 28 Сәуір, 2017

Астанада автобустарға арналған жолақтар көбейтіледі

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу барысында көлік қызметінің сапасын жоғарылату және Астана қаласының қоғамдық көлік жолаушыларына жағдай жасау мақсатында 29 сәуір - 1 маусым аралығында Bus lane жобасының 4-ші кезеңін енгізу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанада автобустарға арналған жолақтар көбейтіледі

Автобустарға арналған жолақтар мына учаскелерде пайда болады: 

1) Республика даңғылында «Самал» шағын ауданы аялдамасынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

2) Ташенов көшесінде Бараев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

3) Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде Қошкарбаев даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

- Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде Сарыкөл көшесінен жаңа Теміржол вокзалына дейін;

4) Жұмекен Нәжімеденов көшесінде Ш. Қалдаяков көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

- Жұмекен Нәжімеденов көшесінде Сарыкөл көшесінен жаңа Теміржол вокзалына дейін;

5) Сарайшық көшесінде жолайырықтан Қабанбай батыр даңғылына дейін;

6) Тәуелсіздік даңғылында Пушкин көшесінен Момышұлы даңғылына дейін;

7) Сарыарқа даңғылында Бөгенбай батыр даңғылынан көпірге дейін;

8) Тұран даңғылында көпірден Сығанақ көшесіне дейін;

9) Қабанбай батыр даңғылында Сығанақ көшесінен айналма жолайырығына дейін;

10) Бейбітшілік көшесінде Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

11) Мағжан Жұмабаев даңғылында Қажымұкан көшесінен Қошкарбаев даңғылына дейін;

12) Орынбор көшесінде Ш. Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін.

Астана учаскелеріндегі қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың жалпы қашықтығы 40,6 шақырымды құрайды.

Мамандардың тұжырымына сәйкес, бұл жоба қоғамдық көліктердің жүріс кестесін реттеуге, кесте бойынша бұзушылықтар санын төмендетуге, автобус жүргізушілерінің тәртібін жақсартуға, жүріс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Bus lane жобасының 3 кезеңі іске асырылды. Соның арқасында қоғамдық көліктің орташа жылдамдығы 12-15 %-ға артты.