Екі елдің басшылары жүзім қабылдау және оны ферментациялау сатысының технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ өнім тазартылып, құтыларға құйылатын цехтарды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевке жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақтар көрсетілді.
Зауыттың ақ және қызыл шарап өндіру үшін қажетті қуаттылығы жеткілікті, сондай-ақ шығарылатын шараптың сапасына бақылау жүргізетін зертхана бар. Кәсіпорындағы өндірістік кезең еуропалық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.