Қазақстан халқының бірлігі күні елордадағы Қазақстан орталық концерт залында оныншы Мәскеу Пасха фестивалі шеңберінде Санкт-Петербургтегі әйгілі Мария театрының симфониялық оркестрінің кеші өтті. Концертке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, оркестрдің өнерін тамашалады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев концерт басталар алдында симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Валерий Гергиевке қазақстандық кадрларды дайындаудағы және оның Қазақстанға деген сүйіспеншілігіне деген алғысын білдірді. Мемлекет басшысы одан әрі Валерий Гергиевтің жоғары деңгейдегі марапаттар мен көптеген халықаралық сыйлықтардың иегері екенін, оның 22 жылдан бері Мария театрының бас дирижері қызметін атқарып жүргенін айта келіп, Қазақстан орталық концерт залында қонақтарды таныстыра кетті. «Жаңа астанамыздағы мұндай зал еуразиялық субконтиненттің ешбірінде жоқ. Италиялық мықты архитекторлардың қатысуымен салынған, сыйымдылығы 3500 орынды қамтитын концерт залының акустикасы да халықаралық стандарттарға сай. Алдағы уақытта сізді Қазақ ұлттық опера театрының ашылу рәсіміне шақырамыз. Сіздің ұжымыңыз бен біздің музыканттардың достығы әрі қарай жақсы деңгейде жалғасын табады деген сенімдемін», дей келе Валерий Гергиевке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағының берілгенін хабарлап, оған оның төсбелгісі мен куәлігін тапсырды.
Есімі әлемге танымал дирижер Валерий Гергиев Қазақ елінің жаңа астанасының сұлулығы мен даму қарқынына таңданысын жасырмады. Бұл туралы ол елордада Мария театры симфониялық оркестрінің концерті қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында: «Астанаға келген үш сағаттың ішінде мен тіпті барлық теңеуді айта алар емеспін. Қаланың қарқынды өсуі мен дамуы ең көркем сөздермен ғана бағалануға лайықты», десе осы жиын үстінде Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед журналистер қауымын оркестр ұжымымен, оның көркемдік жетекшісінің музыка әлеміндегі орнымен кеңірек таныстыра келіп: «Валерий Гергиев – осы замандағы ұлы дирижерлердің бірі. Ол Мария театры симфониялық оркестрінің дирижері ғана емес, әлемдік мәдениеттің дамуына мол үлес қосқан тұлға», деп атап өтті. Сонымен қатар, министр қазіргі таңда әлемнің көптеген опера театрларының қаржы дағдарысына душар болып отырғандығын, ал Санкт-Петербург пен Астана қаласында опера театрларының құрылысы қарқынды жүріп жатқандығын да тілге тиек етті.
Валерий Гергиев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағының өзіне берілгені үшін Елбасына алғысын білдіре келе: «Сізді алғаш көргенімде мен жас дирижер болатынмын. Бүгінде міне, өзіңізбен бетпе-бет танысып, өз қолыңыздан осынау мәртебелі сыйлықты алып отырғаныма алғысым шексіз. Сізбен әлі де кездесемін деген ойдамын. Баршаңызға денсаулық, бақыт, табыс тілеймін!», деді.
Фестиваль аясы Ресейдің 40 қаласы мен Литва, Украина, Беларусь Республикасы және Қазақстанды да қамтығанын айтсақ, 24 сәуір мен 9 мамыр аралығына жоспарланған 16 күн ішінде 100-ден аса концерті берілмек көрінеді. Тағы бір қуантарлығы, Астанадағы концертте Ресейдің талантты пианисі Денис Мацуев пен танымал опера әншілері де өнер көрсетті. Концерт бағдарламасына сай бұл күні жұртшылық әлемдік музыканың әйгілі шығармаларын тыңдаған болса, концерттің шымылдығы Р.Щедриннің шығармасымен ашылды.
Музыка әлемінде Валерий Гергиев есімін білмейтін адам кемде-кем десе де болады. Әрине, тек музыканттар қауымы ғана емес, жалпы жұртшылық та оның әр концертін асыға күтеді. Тума таланттың өнеріне деген сағыныш та осы кеш барысында айқын байқалған болса, Мария театрының симфониялық оркестрі де көп көңіліне қарыз болып қалған жоқ. Жоғары кәсіби шеберлігі мен өз деңгейін көрермендерге алғашқы шығармасынан-ақ байқатты. Көпшілік қауым жетпіске жуық музыканттарды қамтитын оркестрдің жанды даусын естіп, ғажайып әлемге сапар шекті. Іргетасы сонау ХVІІ ғасырда қаланған театрдың симфониялық оркестрі, оның дирижері Валерий Гергиев туралы айта берсе, сөз таусылмайды. Дара талант иесінің кез келген концерті ерекше, әрі кез келгені тамаша шоуға айналатыны әлем тарапынан мойындалған. Ең бастысы, музыка сүйер қауым көрнекті дирижердің әр концертін асыға күтеді. Елордада өткен кештің де ең әсерлі сәті фортепианоға арналған концерт барысында айқындала түсті. Мұнда Денис Мацуев қалың жұртшылыққа пианино арқылы әлемдік музыканың әйгілі классикасын тарту етті. Концерт соңы Екатерина Семенчуктың орындауында орыс және шетел композиторлары операларының үзінділерімен аяқталды. Музыканы мәдениеттің биік шыңы деп білетін қауым үшін бұл кеш ерекше сый болды.
Бір айта кететін жайт, симфониялық оркестрдің концерті Алматы қаласында да өтті.
Жұлдыз БАЙДІЛДА.

Ақтауда пойыз бен автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасының нашарлауы болжануда
Экология • Бүгін, 20:59
Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше тас жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 20:35
«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті
Экология • Бүгін, 20:18
Тегеран Трамптың қоқан-лоққысына жауап берді
Әлем • Бүгін, 19:53
Қазақстанда ескі жеңіл көліктердің салығы төмендеді
Салық • Бүгін, 19:33
Гамбия жағалауында 200 мигрант мінген кеме аударылды
Әлем • Бүгін, 19:19
Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы хабар-ошарсыз кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:50
2 млн гектар пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 18:20
Юлия Путинцева маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Теннис • Бүгін, 17:42
Ақтөбе мен Атырауда жол жабылды: Қай бағыттарда қозғалыс шектелді?
Оқиға • Бүгін, 17:31
«Челси» Франциядан жаттықтырушы алдыруы мүмкін: Маресканың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 17:10
Франциялық футболшы Швейцариядағы өрттен зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 17:00
2026 жылы iPhone 18 шықпауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 16:43
Екі жылда 28 млн доллар игерілді: Азаматтар Ұлттық қор қаражатын қалай жұмсап жатыр?
Қаржы • Бүгін, 16:30