05 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы №02-02-18/2

484 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2011 жылғы 12 қаңтар            №02-02-18/2           Астана қаласы «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2) тармақ­ша­сына сәйкес, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқару­шының «Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуден өткізу  жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»  2004 жылғы 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 наурыздағы № 2730 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2004 жылғы № 13-16 бюллетені, 917-бетте бюллетенінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден өткiзу жөнiндегi нұсқаулықта: 17-тармақта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары кәсіби немесе орташа кәсіби білімді мамандардың бар болуы туралы дипломдардың көшірмесі  меншік құқығында бар немесе жалға алған спорт ғимараттарының немесе үй-жайлардың болуы туралы құжаттардың көшірмесі»; 20-тармақта «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақта «қолданылуы» деген сөзден кейін «15 күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын. 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Бiрлестiк куәліктің қолданылуы кезеңінде қайта ұйымдастыру немесе тарату жүргізілген кезде бір ай мерзімде уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін ұсынады»; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Бiрлестiк уәкілетті органға оның атауы немесе заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда, болған жағдай туралы он бес күнтізбелік күн ішінде хабарлайды және қайта ресiмдеу туралы өтiнiшті және құрылтай құжаттарының көшірмесін және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiкті бередi.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Куәлік жоғалған және бүлінген кезде уәкілетті орган өтініштің негізінде бiрлестiкке өтініш берілген күннен бастап он бес күн ішінде куәліктің телнұсқасын бередi.»; Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушы­ның 2004 жылғы 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығымен бекiтiлген Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалы қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi  нұсқаулыққа 2 қосымшада «Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт жөнiндегi агенттiгi», «Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт жөнiндегi агенттiгiнің төрағасы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі» деген сөздермен ауысты­рылсын; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының «Дене шынықтыру, спорт жаттығуларын және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiк пен санитарлық-тазалық нормалары ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы                        27 наурыздағы № 06-2-2/97 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 2816 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2005 жылғы № 9-13 бюллетені, 45-бетте бюллетенінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiк пен санитарлық-тазалық нормаларын сақтау ережесінде: 7-тармақта «уақтылы» деген сөз «оқу-жаттығу жиындарын  өткізу алдында бір ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақта «құрамында болады» деген сөздер «құрамына енгізіледі» деген сөздермен ауысты­рыл­сын; 17-тармақта «басталуы мүмкін» деген сөздер «басталады» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Стратегиялық жоспарлау департаменті  (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты Қазақстан Республи­касының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен жол­дасын. 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктел­сін. 5. Осы бұйрық оның ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.ҚАЙЫРБЕКОВА. 17 қаңтар 2011 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі В.БОЖКО. 28 ақпан 2011 жыл Министрдің міндетін атқарушы Қ. ӨСКЕНБАЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6850 болып енгізілді.