05 Мамыр, 2011

Сенат аппаратының жаңа басшысы

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің Өкі­мі­мен Парламент Сенаты Аппаратының басшысы болып Талғат Сәр­сенбаев тағайындалды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Т.Сәрсенбаев КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары милиция мектебін бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында жұмыс істеді, Президент Әкімшілігінде түрлі лауазым­ды қызметтер атқарды. Пар­ламент Сенаты Аппараты бас­шысының орынбасары, Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сының Ресей Феде­ра­ция­сын­дағы елшілігінде кеңесші болды. Заң ғылымдарының докторы, профессор.