06 Мамыр, 2011

Бизнес мектебі біліктілікті ұштайды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Назарбаев Университетінде» «Даму» қо­ры­ның аймақтық филиалының ұй­ым­дастыруымен кәсіпкерлер эко­но­микалық білімдерін көтеру үшін партаға отырды. Кәсіпкерлер қатарындағылар­дың қызығушылығы басым екені бірден көзге түсті. Олар туризм, азық-түлік, жиһаз өндірісін мең­геру, тағы басқа тұтынушы қаже­тін өтейтін бағыттарды меңгеруге талпынып, сабаққа ынтамен қа­тысып келеді. Бизнес мектебінің тыңдаушы­лары алғашында Астанада күндіз­гі бөлімде білімдерін толықтырса, кейін кәсіпорынды тиімді басқару, табысты бизнес құру бағытын­дағы жаңа үлгілермен танысып, тә­жірибелерін шыңдайтын бола­ды. «Кәсіпкерлердің мүмкіндігін арттыру» бағытындағы жұмыс­тың екі жаққа да берері мол. Өйткені, шағын және орта кәсіпкерліктің өңірдің дамуына тигізетін пайдасы мол екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. – Жолдауда атап көрсетілген экономиканы әртараптандыру тапсырмасы кімді болса да ой­ландырады. Өйткені, саладағы жаңалықтар жеткілікті. Компа­ниядағы бүгінгі жұмыс ауқымы кеңейгендіктен жаңаға бет бұру қажеттігін күн сайын сезініп келемін. Кәсіпкерлерге арналған мұндай дәрістің берері мол болғандықтан өз мүмкіндігімді пайдаланып, оқуға тілек білдірдім, – дейді талдықорғандық Рустем Хакимов. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.