1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні астаналық облыстың Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында да бүкілхалықтық мереке ретінде атап өтілді. Аудандық мәдениет үйінде 15 этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Шеру басталар алдындағы салтанатты рәсімде аудан әкімі Манат Жүнісов, мәслихат хатшысы Балтабай Мажренов, «Ақмола-Феникс» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Любовь Дробот, аудандық ұйымдар өкілдері мен шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік шеруді ту ұстаушылар бастаса, олардың соңдарынан немерелері мен шөберелерін жетектеген соғыс және еңбек ардагерлері еріп жүрді. Келесі қатарға аудандағы барлық ұлттар өкілдерінен құралған колонналар ілесті. Олар ұлттық билерін биледі.
Меймандар немістің штруделінен, беларусьтің драниктерінен, украинның галушкилерінен, өзбектің палауынан, тағы басқа этностардың ас мәзірлерінен ауыз тиді. Баянның дауысын естіген жұртшылық байыз тауып тұра алмай, жаппай би билесе, Манат Жүнісов жеке үлгісімен жұртшылықтың делебесін қоздырды.
Суреттерде: жәрмеңке көрігі кейін қызды; орыстың каравайы этномәдени бірлестіктердің концерті.
___________________
Суреттерді түсірген Владимир Бахмутский.