06 Мамыр, 2011

Елдегі ахуал айнасы

557 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
ЗЕРТТЕУ ПАРАМЕТРЛЕРІ Жақында «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси жағдайының ди­на­­микасы» атты социологиялық зерттеу қорытындылары бойынша «Info­Sys­tem» зерттеу орталығы» қоғам­дық қо­рының директоры Салтанат Ахме­д­ова­ның (Алматы қала­сы) және «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм инсти­ту­ты қоғамдық-саяси жобалар бөлімі­нің меңгеру­шісі Жанар Боқан­ова­ның (Астана қаласы) брифингі өтті. Сауалдама 2011 жылдың 7-27 сәуірі аралығын қамтыды. Бұл үде­ріс 14 облыс пен республикалық ма­ңы­зы бар 2 қалада, яғни Ал­маты, Ас­тана қалаларында 1623 респондент ара­сын­да жүргізілді. Статис­ти­ка­лық ауытқу 3,2 пайыздан асқан жоқ. ЕЛДЕГІ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ Қоғамдық пікірді сұрастыру көрсеткендей, қоғамда тұрақты оң әлеуметтік-саяси жағдай бай­қалу­да. Қазақстандықтар арасын­да елдегі жағдайды, сондай-ақ өз өмір жағдайын оң бағалау басым. Қазақстандағы жалпы жағ­дайды бағалау динамикасын зерттей оты­рып, болашағына оптимизммен қа­рай­тын рес­понденттер айтарлықтай өскенін кө­ру­ге бо­лады. Зерттеудің төрт то­лқы­ны­ның нәтижесіне сәй­кес елдегі жағ­дай­ды «жайлы, ты­ныш» деп баға­лай­тындар үлесі 91,2 па­йыз­ға өскен. Елдегі жағдай түсі­ніксіз деген пікір­дегі­лер­дің үлесі 3,6 пайызға азайған. Жауап беруге қи­налғандар – 5,2 пайыз. Өзінің және өз отбасының жағдайы қа­на­ғат­тан­ды­ратындардың деңгейі ай­тар­лық­тай биік – 83,6 пайыз, бұл на­у­­рыз айындағы көрсет­кіштен жоға­ры. Тиісінше толығы­мен және жар­ты­лай қа­нағаттанбай­тын­дар үлесі аза­йып, 15,8 пайызды құра­ды, яғни ақпан айын­дағы көрсет­кіштен 0,8 пайыз төмен. Сауалдама нәтижесі бойынша респонденттердің басым бөлігі елдегі экономикалық жағдайға оң­тай­лы баға берді. Ағымдағы эконо­ми­калық жағдайды тұрақты даму үс­тінде деп бағалай­тын­дар­дың жал­пы көрсеткі­ші 89,2 па­йызды құрады. ӨТКЕН ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БАҒАЛАУ Жүргізілген зерттеудің басты мақсаттарының бірі – дауыс беру қорытындыларына қанағаттану дең­ге­йін  бағалау. Сауалдама нәтижесіне сәйкес дауыс беруге қатысқан қазақ­стандықтардың басым бөлігі, яғни 95,8 пайызы ел Президентін сайлау­дың қорытындысына қанағаттанады. Сайлау қорытындыларын баға­лау барысында респонденттер жауа­бы келесідей үлеске ие болды. Сауал­дамаға қатысқандардың көп­шілігі сайлау Елбасын қолдаудың жо­ғары деңгейін дәлелдеп берді (88,4 пайыз), сайлау ашық әрі әділ өтті (69,2 пайыз) және сайлау қазақ­стандықтарды біріктіре түсті (48,6 пайыз) деп жауап берді. Сонымен қатар, респонденттер сайлау елдегі демократия жаңа деңгейге өткенін көрсетті (34,4 пайыз) десе, әрбір бесінші респондент сайлау әдеттегідей өтті деп көрсеткен (20,6 пайыз). САЯСИ ПАРТИЯЛАР РЕЙТИНГІ Сайлаудан кейін ең жиі тал­қыланған тақырып парламенттік сайлау болды. Осыған орай респонденттерге үш критерий бо­йын­ша партияларға деген көзқарас­та­рын білдіру ұсынылды: танымал­ды­лық, сенім және дауыс беруге дайындық. Сауалдаманың нәтижесі бо­йын­ша белгілі саяси партиялар­дың рейтингі жасалды. Бұл рейтингіде партиялардың барлығын шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топта таны­мал­дылық деңгейі ең жоғары тек бір партия – «Нұр Отан», бұл партия туралы сауалдама жүргізілген­дер­дің 94,4 пайызы естіп-біледі. Екінші топқа «Ақ жол», «Әділет» ҚКХП, Патриоттар партия­сы жә­не «Азат» ЖСДП енген. Бұл пар­тиялардың барлығы 34-42 пай­ыз танымдылық деңгейіне ие. Үшін­ші топқа аз танылыған партиялар енді, сауалдама алынғандардың шамамен 20 пайызы біледі, бұл – «Ауыл» партиясы, ҚКП, «Руханият». Сенімге ие болу рейтингінде де «Нұр Отан»  партиясы алда. Сауалдама жүргізілгендердің 78,8 пайызы сенім білдіреді. Басқа пар­тияларға деген сенімділік 5-20 па­йыз аралы­ғындағы деңгейді көрсетті. Сөйтіп, бүгінгі таңда партия­лардың барлығы екінші парламенттік партия болу мүмкіндігіне ие. Алайда, мәселе мынада: қалған бір жарым жылда олар өздерінің электоралды рейтингін арттырып қана қоймай, бірінші кезекте, қазақстандықтардың сенімін иелене алар ма екен? «Егемен-ақпарат».