Биылғы ел тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерекесі қарсаңында елімізде түрлі іс-шаралардың өтетіндігі белгілі. Бұдан өнер саласы да қалыс қалмақ емес. Осыған орай төл мерекенің құрметіне ақтөбелік «Екі езу» әзіл-сықақ театры гастрольдік сапарын еліміздің жүрегі Астанадан бастады. Рас, елордаға келіп, елімізге белгілі әзіл-сықақ театрлары ауық-ауық өз өнерлерін бұған дейін де көрсеткен. Алайда «Екі езудің» тәуелсіздігіміздің торқалы тойына тарту ретіндегі арнайы бағдарламамен келуін ерекше атаған жөн.
Сонымен, «Екі езу» әзіл-сықақ театры Конгресс-Холлға жиналған елорда жұршылығын ерекше көңіл күйге бөледі.
– Айтулы мерекеге орай еліміздің барлық өңірлерін аралап, көрермендерге шат күлкі сыйлаймыз деген мақсатпен жоспарланған сапарымызды, міне, елордадан бастап отырмыз. Біздің қолымыздан келетіні – көрерменге күлкі сыйлау. Сөйтіп, қарлығаштың қанатымен су сепкендей төл мерекеге өз үлесімізді қоссақ деп отырмыз, – деді театр директоры Нұрлыбек Жұбатқан.
Сахна әртістер әзірлеген әзіл әндермен ашылды. «Жанжал», «Территория», «Біз тауып береміз», «Үйлену», «Тастанды шарана» атты интермедиялар арқылы қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз құбылыстарды өткір тілмен жеткізуі де әртістер шеберлігінің шыңдала түскенін көрсеткендей. Енді жоғарыдағы «Тастанды шарана» атты шығармаға қысқаша тоқталар болсақ, қазіргі таңдағы тастанды сәбилердің шетелдік бала асырап алушыларға беріліп, ойнақтап жүріп от басқан жастарымыздың тасбауыр болып бара жатқандығын әжуамен келтіреді. Күлдіріп отырып, күңірентіп жіберетін осындай қойылымдар кім-кімді де бейжай қалдырмайтыны анық десек, «Біз тауып береміздегі» қазақ тілінің мүшкіл халінің бейнесі, «Басып алу» атты монологта қазақтың кейбір ғажап сөздері жастар арасында жағымсыз жаргон тіліне алмастырылып бара жатқандығы ащы баяндалса, «Көрермен» дүниесі де күлдіріп отырып ойлантады.
Алғаш 1998 жылы күлкі клубы болып құрылған «Екі езу» әзіл-сықақ театры 2011 жылдың сәуірінде Ақтөбе облыстық әкімдігінің қолдауымен мемлекет құзырына өтіп, эстрадалық миниатюра театры болған екен. Бүгінде театрда жалпы саны жиырмаға жуық адам жұмыс жасайды. Аталған театр өздерінің таланттары мен табанды еңбектерінің арқасында 2002 жылы халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде Гран-При жүлдесін жеңіп алыпты. Сондай-ақ бірінші республикалық байқауда бірінші орынды иеленген көрінеді. Сөйтіп, құрылғалы бергі он үш жылдың ішінде театр еліміздің түпкір-түпкірін аралап, шалғайдағы ауылдардағы ағайындардың да ризашылығына бөленіп келеді.
«Екі езуді» айтқан кезде оның іргетасын қалауда зор еңбек сіңірген Бақыт Айтова, Гүлсім Қаратаева сынды әртістерді айналып өте алмаймыз. Қазіргі кездері көрермендерін күлкімен көмкеріп, олардың ризашылығына бөленіп жүрген театрдың директоры Нұрлыбек Жұбатқан мен Құралбек Құрманғалиев, Берік Нұрмағанбетов, Бекбол Тәтебаев секілді әртістер театрдың жаңа бағдарламаларын жасау барысында тынымсыз ізденіс үстінде жүр. «Астанадан басталған осынау шара алдағы уақытта біздің шығармашылық жұмысымызға өзіндік серпін береді», дейді олар.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
_______________________
Cуретті түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25