06 Мамыр, 2011

Білікті білім ордасындағы білектілер

620 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгінгі таңда Астана қала­сындағы С.Сейфуллин атында­ғы Қазақ агротехникалық университеті – студенттерді спорт­тық қы­ры­нан танытып жүрген білім ор­дасы. Былғары қолғап­тан есе бермей жүрген ұлттық құрама еліміз үшін ғана емес, әлем алдында биік беделге ие. Бұл орайда былғары қолғап шебері болуға құлшыныс жасап жат­қан жастардың баршы­лығы көз қуантады. Ал білім беру ме­ке­месінің жас спортшыларды қол­­­дап, бақтарын баптарымен ұш­тастырудағы еңбектері ерекше. Аталмыш жоғары оқу орны спортсүйер қауым назарына был­ғары қолғаптан талай сында топ жарған жігіттер легін ұсын­ды. Ке­шегі Гуандчжоуда өткен ХVІ Жаз­ғы олимпиада ойын­да­ры­­нан алтын медаль алып келген Данияр Елеусінов, Бейжің олим­пиа­дасында еліміз құрама­сы­ның са­пында өнер көрсеткен Мерей Ақшалов, соны­мен қатар жастар арасындағы өз салмақ дәрежесінде Азия чем­пионы, ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері Бақытжан Қожа­беков сынды жігіттерімізді шар­шы алаң­ға шы­ғарған С.Сейфуллин атын­да­ғы Қазақ агротехни­калық университеті десек, онда бұл жетістік университет үшін ерекше мәртебе. Білім және ғылым министрлігі Дене тәр­биесінің ұлттық ғылы­ми-прак­тикалық орталығының бағ­дар­ла­ма­сына сай өтетін жо­ғары оқу орын­дары студенттері арасын­дағы VI жазғы  универсиаданың биылғы жылғы бокстан бірін­ші­лігінің С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да ұйым­дас­тырылуы да осы жетіс­тік­тің негізінде болса керек. Аста­налық білім ордасы өз мәртебесін универсиада ба­ры­сында тағы бір сәт мойындатты.  Еліміз­дің түп­кір-түпкірінен 30 команда бо­йын­ша 165 спортшы қатысқан бә­се­ке­де университет құ­рамасы 1-орын­­ды иеленді. Соны­мен қатар, ең үздік был­ғары қолғап иегері С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенті, өз салмақ дәрежесінде алтын медаль алған Нұрлан Әб­жанов атанса, ең үздік бапкер мәр­тебесі университет құрамасы­ның жат­тықтыру­шысы Жанат Манашев­қа бұ­йыр­ды. Ерлер арасындағы 7 түрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсе­тіп, жүлделі болған жас жеңім­паздардың жеңісі университет тарапынан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналса, еліміз бұл жеңімпаздар есімін ұлттық құ­ра­ма тізімінен көруге мүдделі. Білім мен ғылымды спортпен табысты ұштастырған жоға­ры оқу орны дәстүрге сай әлі де былғары қолғап шеберлерінің та­лай буынын тәрбиелей бермек. Еркежан  КҮНТУҒАН. Астана.