07 Мамыр, 2011

Бір аяғын Берлинде қалдырған танкист

460 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Адам баласы жарық дүниеге шыр етіп түскеннен бастап бақилыққа кеткенше өмір деген керуеннің жолаушысы. Сол кер­уен   жолды   қалай, қандай, қан­ша жүріп өту –  ол әркімнің жа­зылған пешенесіне байланысты. Бүгін біз   ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері Тыныбай Әлібековтің көш-керуені жайлы сөз етпекпіз. Яғни, кейіпкеріміз – ел басына күн туған шақта бүкіл кеңес хал­қы күткен  Жеңіс күнін жақын­датуға үлес қосып: «Отан үшін отқа түс, күймейсің», деген, шоқ шайнап, от бүркетін шағында елге жалғыз аяғымен оралған танкист  жігіт... Қалай десек те, сонау 20-шы жылдары дүниеге келген бүтіндей бір ұрпақтың тағдыр-талайы  оңай бола қойған жоқ. Бұл жағдай Тыныбайды да айналып өтпеді. Талдықорған облысы, Андреев ау­даны, Қоғалы  ауылында дү­ние­ге келген ол балалық шағын сонда өткізіп, оқуды Екпіндідегі интернатта бітіреді. Әскер қатарына алынбай  тұрып Жетісудағы жал­ғыз оқу орны – Лепсі педагоги­ка­лық училищесін  тәмамдағанмен,   жас жігітті  қиын да күрделі әс­кери өмір жолы күтіп тұрады. 1941 жылы майданға кіріп, зенитті-артиллерия полкінде старшина болды. Әсіресе, соғыстың алғашқы қиын кездерінде  Мәс­кеу­ді қорғауда Т.Әлібеков 9-шы артиллерия дивизиясындағы 335-ші полктің танк командирі бо­лып, кескілескен ұрыстың алғы шебінде жүреді. Одан кейінгі жо­рықтары  Курс доғасынан Керчь, ең соңғы аялдамасы Германияның Кенигсберг қаласына қарай жыл­жып, жеңіске жақындай түседі. Әрине, Тыныбай үшін қан­ша­ма миллиондаған адамның қаны­мен, өмірімен келген Жеңісті күту өткен қиын да азапты күндер­ден де ауыр, ұзақтау болды. Бірақ, тағдырдың сынына не шара. Же­ңістің ауылы көрініп, әне-міне со­ғыс бітеді деген 1945 жылдың 27 сәуі­рін­де ауыр жарақат алады. Танкісі от жалынға оранғанда эки­­паж мү­шесі  Илья Кузнецов өзі­нің командирін сүйрелеп сырт­қа алып шығады.  Жан алып, жан беріп жатқанда Ильяның адам­гершілігі, қайсарлығы, жауынгер­лік антына адалдығы арқасында жаралы Ты­ны­байды бірнеше ша­қырым жерге арқалап, әскери-дала госпиталіне апарып табыс­тай­ды. Олар жа­ра­лыларды тиеген пойызбен Ук­раина жеріндегі тыл­ға он бес күн дегенде жеткізеді. – Әкейді госпитальға әкел­ген­­де аяғы қабынып, ауру меңдеп кеткен екен, – деп еске алады Тыныбай ағай­­дың қызы Бақыт апай. – Сөйтіп, дәрігерлерге оң аяғын тізеден жо­ғары кесіп тас­тауға тура келеді. Ол кезде ауру­ды білдіртпейтін дәрінің тапшы кезі, әкейге бір стақан спирт береді де, операция жасап, аяғын кеседі. Жарақат алған солдат 1945 жыл­дың тамызына дейін  гос­питаль­да емделген соң, екінші топ­тағы мүге­дектік алып елге  оралады. Әрине, майдандағы ерлік істері бағаланып, «Қызыл Ту», І,ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медаліне  ие болды. – Мені ажалдан құтқарған сол адамға өмір бойы қарыздармын. Егер Илья болмағанда басқа со­ғыс­та шейіт болған жауын­гер­лер­ден жа­ным әулие емес, отқа оранып жер жастанар едім, – деп, Тыныбай аға ылғи майдандас до­сын есіне алып оты­ратын көрі­не­ді. Соғыстан кейінгі жылдары екеуі хат жазысып тұра­ды. Илья­ны өзінің туған бауырын­дай санап Қырымға барып, екеуі сол бір күндерді еске алып қайтыпты. Елге аман-есен оралған соң мүгедекпін деп жатпады, жаңа оқу жылында Тастұма ауылын­дағы жер­­гілікті мектепте сабақ беріп, өзі­нің алған педагогтік білімін жалғасты­ра­ды. Жаны олжа, көкі­ре­гі ояу жігерлі жігіт өмірінің соң­ғы жыл­дарына  дейін қадірлі де қасиетті ма­мандық – мұғалім­дік кәсіпке адал болып, алдынан өт­кен бірнеше жүздеген оқушы­лар­ға біліммен қоса тәрбие де береді. 1947-1950 жылдары  Жам­был село­сын­да бастауыш мек­тептің мең­геру­шісі, 1950-1957 жыл­дары Тал­ды­бұлақ жеті­жыл­дық мек­тебі­нің директоры болып қызмет істейді. Осы аралықта ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін қы­зыл дип­ломға бітіреді. Одан кейінгі жылдары Екпіндідегі орта мек­тепте қазақ тілі мен әдебиеті­нен дәріс беріп, 1975 жылы құр­мет­ті демалысқа шық­қан­мен, одан кейін де  ұзақ жыл­дар бойы­на балалардан қол үз­беді. Өйтке­ні, бойын­дағы адалдық, па­расат­ты­лық, білімділігі, айнала­сын­­да­ғы адамдар­дың жанын түсі­ніп, олар­ға ақыл-кеңесін айтып жа­на­­шырлық көр­се­тетін адами қасиет­тері ол кісіні жақсы көруге, мұ­ғалім беделін арттыруға қыз­мет еткен еді. Негізде бар жоғалмас деген. Әр перзент ата-ана қарызынан уақы­тын­да құтыла алмасы хақ. Ендеше, Тыныбай ағадан тараған ұр­пақтан бүгінде өніп-өсіп отыр­ған 25 немере, 11  шөбере жыл сайын айналып келетін қасиетті Жеңіс күнін ата-аналарының да күні санап той­лауды  ол кісілердің көзі тірісінде де, кейін де атап өтуді дәстүрге ай­нал­дырған. Биыл да солай жаса­мақ. Ал Ты­ныбай ағайдың өзі қыз­мет атқарған Екпінді мектеп мұра­жайындағы Отан соғы­сының ардагерлеріне ар­­нал­ған қа­быр­ға­дағы ол кісінің құ­жат­тары, фотосуреттері, мара­пат­­тары тұр. Олар артында қал­ған ұр­паққа  аманаттап кеткен  жә­дігердей сақталып, келешек  жас­тардың со­ғыстың, Жеңістің адам баласына қан­дай қасірет, қан­дай зауал әке­ле­тінінен, ерлік­тің, отансүйгіштік қа­сиеттің жа­ды­ла­рында жаңғырып тұ­руы­на қызмет етіп тұрғандай көрінеді... Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ. Алматы облысы.