11 Мамыр, 2011

Университет қолдау көрсетті

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облысын­дағы су тасқынына қатысты орын алып отырған төтенше жағдай барлық отандастары­мызды алаңдатуда. Осыған орай «Астана медицина университеті» акционерлік қо­ғамы қызметкерлерінің жалпы жиналысында Батыс Қазақ­стандағы зардап шеккен отан­дастарымызға университет қыз­меткерлерінің бір күндік жалақысын көмек ретінде аудару туралы бірауыздан шешім қабылданды. Сонымен, көлемі 3 млн 900 мың теңгені құрайтын жиналған қаражат зардап шеккендер қажеттілік­терін өтеу үшін Орал қала­сын­дағы ресми шотқа аударылды. «Егемен-ақпарат».