11 Мамыр, 2011

Көмек қолын созды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен оралдықтарға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Әрқайсысы 30 тонналық екі жүк көлігіне азық-түлік, киім-кешектер, дәрі-дәрмек тиеліп, Батыс Қазақстан облысына жол тартты. Қайырымдылық шараға жекелеген адамдар, зейнеткерлер, кәсіпкерлер белсене қатысты. «Қайнат» ЖШС 20 тонна ұн бөлді. «Жібек жолы» сауда базарының ұжымы арнайы есеп-шотқа 300 мың, «СУ-808» мекемесі 200 мың теңге құйды. Петропавл нан-тоқаш комбинаты, «Сұлтан» АҚ, «Леонтьев» ЖШС, тағы басқа кәсіпорындар да қомақты үлес қосты. Бұдан тысқары жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.