13 Мамыр, 2011

Жас ғалымдар бас қосты

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбе мемлекеттік педа­гоги­­ка­лық институтында өткен Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығына арналған «Жас ғалым-2011» облыстық ғылыми-тәжірибелік конферен­ция­сы­на Ақтөбе қала­сы мен облыс аудандарынан жас ғалымдар қа­тыс­ты. Конференцияда сөз алған оқу орнының рек­торы Ғалымжан Нұ­ры­шев білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ұзақ уақыттан бері талқыға салынып келе жатқан «Ғылым туралы» Заң қабылданғанын, соған сәйкес жас ғалымдардың ізденуіне мүмкін­діктер молая түскенін айрық­ша атап өтті. Ал облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ахат Мыр­залин жуырда құрыл­ған жас ғалым­дар кеңесінің жұ­мысына тоқталды. Конференцияда облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың гран­ты­на ие болған жас ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.