13 Мамыр, 2011

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің маңызды атрибуттары

521 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекеттік хат­шы Қанат Саудабаевтың төр­аға­лық етуімен Мемлекеттік рә­міздер жөніндегі республикалық комиссияның Қазақстан Респуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғына арналған кезекті оты­ры­сы болып өтті. Отырыста Ақмо­ла, Атырау облыстары әкім­де­рінің және Әділет министрінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Мемлекеттік хатшы, комиссия төрағасы өз сөзінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз саясаты мен кемел бас­тауының арқасында Тәуелсіз Қа­зақ­стан өзінің мерейтойын эконо­ми­касы қуатты, демократиясы да­мыған және әлемде өзіндік құрметке ие болған ел ретінде қарсы алып отырғанын ерекше атап өтті. Біздің мемлекеттік рә­міздер бүгінгі күні әлемнің көп­теген елдері мен халықаралық ұйымдарға кеңінен танылған, ал біздің отандастарымыз өз рес­публикасымен заңды түрде мақтана алады. – Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның бөлінбес және маңызды атрибуттары, – деді Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев. – Оларға деген мемлекеттік органдардың, еліміздің аза­мат­тарының көзқарасы біздің пат­риоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші бо­лып табылады. Бұл  сезімдер Тәу­елсіздіктің 20 жылдығы мерейлі мерекесінде мейірімді, берекелі ортаны қалыптастырып, арттыра түсуі керек. Салтанатты мерекені өткізу мен дайындалуда орталықпен қатар, жергілікті жер­лерде де мемлекеттік рәміз­дерге маңызды орын бөлінуі шарт. Қорыта айтқанда, 20 жылдықты мерекелеу біздің мемлекеттілігімізді, халқымыз бен оның Елбасының бірлігін нығайтуда, сондай-ақ Қазақстанның халық­аралық беделін одан әрі көтеруге оң ықыласын тигізуі тиіс. Отырыс қорытындысында «Қа­­зақстан Республикасының Мем­­лекеттік рәміздері туралы» Конс­титуциялық заңның бұлжытпай сақталуы жөнінде нақты ұсы­ныстар мен тапсырмалар берілді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.