14 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №340

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 12 сәуір                   №340                   Астана қаласы Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437-бабына сәйкес, «Технология связи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау мерзімін ұзарту туралы өтінішінің негізінде, бұйырамын: 1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін: 00090/ТБ-160709 тіркеу нөмірінің 6-бағанындағы «08.04.2011» деген цифрлар «03.04.2013» деген цифрлармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ.Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ө.К. Бейіспековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Төраға      Қ.К.КӘРБОЗОВ.