Қоғам • Бүгін, 12:09

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясындағы өзгеріске байланысты министрлік түсініктеме берді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа редакциясы жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада «демалыс» сөзінің алдында «жыл сайынғы» сөзі алынып тасталғаны жөнінде ақпарат таралып жатыр. Жекелеген жарияланымдарда бұл өзгеріс қызметкерлердің құқықтарын шектеуге негіз болады деген пікірлер келтірілген. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясындағы өзгеріске байланысты министрлік түсініктеме берді

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Конституция − құқықтар мен бостандықтардың негізгі қағидаттары мен кепілдіктерін бекітетін, олардың іргелі сипатын айқындайтын жоғары заңдық күші бар акт. Құқықтарды іске асырудың нақты мазмұны мен тетіктері салалық заңнамада айқындалады.

«27-баптың жобасында демалыс құқығы заңмен кепілдік берілетін әлеуметтік құқық ретінде бекітіледі. Демалыс − осы құқықты жүзеге асыру нысандарының бірі. Оның ұзақтығы, кезеңділігі, берілу тәртібі және өзге де шарттары еңбек заңнамасымен реттеледі. Еңбек кодексі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын тікелей көздейді, оның ең төменгі ұзақтығын, берілу тәртібін, сондай-ақ демалыс бермеуге тыйым салуды белгілейді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінде «демалыс» ұғымы оның әртүрлі түрлерін, атап айтқанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын, әлеуметтік демалыстарды және заңнамада көзделген өзге де демалыс түрлерін қамтиды.

«Осыған байланысты жобада ұсынылған редакция заң техникасы тұрғысынан неғұрлым дәл және жинақы жасалған. Бұл ретте демалыс құқығы мемлекет тарапынан кепілдік берілген құқық ретінде сақталады. Аталған нормалар қолданыста қалады және Конституцияның жаңа редакциясының жобасына қайшы келмейді», делінген аталған министрліктің мәліметінде.

Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?

Конституциялық норманың жаңартылған редакциясы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күшін жоймайды және еңбек заңнамасы автоматты түрде өзгермейді.

Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы

Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және негізсіз қорытындыларды таратудан тартынуға шақырды.

Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды

Соңғы жаңалықтар