Аймақтар • Бүгін, 11:48

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты ғимаратта спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды

Осы уақытқа дейін өңір спортшылары аталған спорт түрімен тек жаз мезгілінде ғана шұғылданса, енді жаңа нысанның ашылуымен жыл бойы жаттығу жасауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар қыс мезгілінде ескек есушілердің шаңғы спорты арқылы жалпы дене дайындығын жетілдіруіне де қолайлы жағдай жасалып отыр. Бұл – спортшылардың кәсіби шеберлігін арттырып, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізуіне негіз болмақ.

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ескек есу спортының өңір үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

«Ескек есу спорты да аймағымызда өзіндік орны бар, талай дарынды спортшыларды түлеткен сала. Бүгінгі жаңа мектеп – сол игі дәстүрдің жалғасы. Біз жас спортшылардың кәсіби тұрғыда өсуіне, халықаралық ареналарда ел намысын қорғауына барлық қажетті жағдайды жасай береміз», деді өңір басшысы.

вв

Ұлытау облысында бүгінгі таңда 9 жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп, спорттық инфрақұрылым 25 пайызға жаңартылды. Бұл – бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

Айта кетейік, жаңа нысан бой көтерген Жезқазған қаласының Батыс ауданында сол күні Ұлттық банк ғимараты да ашылды. Бұл – облыс орталығындағы жаңа ауданның жүйелі әрі қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетеді.

в

Жалпы, қаланың жаңа бөлігі алдағы уақытта өңір дамуының заманауи келбетін айқындайтын маңызды орталыққа айналмақ. Биыл маусым айында мұнда оқушылар сарайын ашу жоспарланып отыр, сондай-ақ жаңа емхананың құрылысы басталады. Бұл бастамалар тұрғындардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Ұлытау облысында үстел теннисінен республикалық чемпионат басталды

Соңғы жаңалықтар