14 Мамыр, 2011

Арнайы өкілмен кездесті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сенат Төрағасының орынбасары Александр Судьиннің төрағалық етуімен Парламент депутаттарының НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Джеймс Аппатураймен кездесуі болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенаторлар Б.Имашев, А.Ахметов, Р.Ахметов қатысқан кездесу барысында Қазақстан мен НАТО-ның, оның ішінде парламенттік үнқатысу деңгейіндегі ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қанағаттанған­дық білдіріп,  жаһандық және аймақ­тық қауіпсіздікті нығайтуда ын­тымақтастықты жақтайтын­да­рын айтты. Жүздесушілердің пікірінше, Әріптестік іс-қимылдағы жеке жос­пардың екінші сатысын іске асыру Қазақстан мен НАТО әріп­тестігін сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтереді. Ол қорғаныс, азаматтық төтенше жоспарлау, ғылыми жобаларды жүзеге асыру саласындағы әріптестікті табыс­ты дамытуға мүмкіндік береді. Саяси үнқатысуда парламенттік байланыстардың маңызды­лы­ғын атап өте келіп, тараптар Қа­зақстан мен НАТО ынты­мақ­тастығын альянстің Парламенттік Ассамблеясы аясында өріс­тету туралы айтты. НАТО Парламенттік Ассам­блеясында Қазақстанның парламенттік делегациясы «байқаушы» мәртебесіне ие. Парламент депу­таттары Ассамблея аясында ұй­ым­дастырылған шараларға белсенді түрде қатысады. «Қазақстан НАТО-ның аймақ­тағы негізгі әріптесі болып табы­лады», – деді Д.Аппатурай және ол біздің еліміздің әлемдік арена­дағы маңызды рөлін атап өтті. Оның пікірінше, екіжақты ынты­мақтастықты одан әрі нығайта түсудің зор әлеуеті бар. Ауғанстандағы жағдайдың рет­телуіне орай халықаралық күш-жігерді қолдағаны үшін қазақстандық тарапқа алғыс айта келіп, Д.Аппатурай аталған елді қалпына келтірудегі Қазақ­стан­ның үлесін жоғары бағалады.