14 Мамыр, 2011

Қазақстан қағидаты айқын

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин бұл күндері  Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының 19-сессиясының жұмысында баяндама жасады. Ол жоғары деңгейдегі сегменттің ашылуында Қазақстанның 1992 жылы қабылданған Йоханнесбург жоспары­ның шешімдерін іске асыру бойынша қабылдаған шаралары туралы айтты. Ол Қазақстанның Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен  әлемнің ядролық қа­ру­сыз даму принциптерін мүлтіксіз ұстанатынын, атап айтқанда, Семей полигонының жабылуын және тұрақты даму  принциптері мен бастамалары­ның бірізді жүзеге асырылуын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларды Қазақстандағы тұрақты даму, энергия және ресурс үнемдеу саласындағы бағдарламалық құжаттармен, сондай-ақ еліміздің еуропалық және  азиялық ынтымақтастық үдерістерін  жақын­дастыру  жөніндегі шараларымен және бастамаларымен таныстырды. Е.З.Нығматулин сессияда көтерілген мәселелер бойынша екі жақты кездесулер мен интерактивті жарыссөздерге қатысты. Халықаралық қатысушылар тарапынан Қазақстан­ның тұрақты даму принциптері мен модельдерін қоғамдық өмірдің барлық сала­ла­рына енгізу бойынша қабыл­даған шара­ларына оң баға берілді. Әсіресе, 2010 жылы қабылданған эко­ло­гиялық  таза, қалдықсыз және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму жөнін­дегі мемлекеттік бағдарлама үлкен қы­зығушылық туғызды. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті төр­аға­сының сессия барысында ұсынған ақпараты халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның  ұлттық шараларды жү­зе­ге асыруда, сондай-ақ тұрақты да­муды қамтамасыз етуде халықаралық тұрақты даму принциптерін ұста­натынын көрсетті. Айбатыр СЕЙТАҚ, журналист.