Елімізге Польшаның Краков қаласынан қуанышты хабар келіп жетті. Осы күндері шаршы тақта алдында көпшіліктің көзайымына айналып жүрген балғын қыздарымыз шахматтан өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.
Мұнда екі дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік тағы да жеңімпаз атанса, Әсел Серікбай, Бибісара Асаубаева тұңғыш рет бас жүлдені жеңіп алды. Ал жақында ғана гроссмейстерлік баллды иеленген Динара Сәдуақасова 6,5 ұпаймен күміс медальді мойнына тақты.
Әлем чемпионы атанған қаршадай үш қызымыз тоғыз турдың бәрінде жақсы өнер көрсетті. Бірде-біреуінде жеңілген жоқ. Жансая мен Әсел бір-бір партияларын ғана тең ойнады. Ал Әнел Алтайбек, Диана Асаубаева, Рамазан Жалмаханов пен Ринат Әміржанов та шаршы тақта үстінде үлкен шеберлік көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, командалық есепте қазақтың балғын шахматшылары бас жүлдеге қол жеткізді.
Осы тұста жоғарыда аталған ұл-қыздарымыздың командаға қосқан үлесі қомақты екенін айту керек. Әсіресе, бойлары үстелге әрең жететін қыздарымыздың сағаттар бойы аяқтарының ұшымен тұрып-ақ әлем чемпионы атанады деген жергілікті шеберлерден айласын асыртып кеткені – бір ауыз сөзбен жеткізуі күрделі үлкен еңбек.
Ұлттық құраманың жас шеберлерінің бұл жетістіктері осымен бітпейтіні сөзсіз. Өйткені, арамызда еліміздің атын шығаратын балғын шахматшылардың үлкен шоғыры өсіп келеді.
• 14 Мамыр, 2011
Шоқтығы биік шеберлер шоғыры шахматтан өткен әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10