14 Мамыр, 2011

Шаралар мақсаты айқын

318 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Үстіміздегі жылдың  17 сәуірінде өткен Үкі­мет­тің ке­ңейтілген отыры­сын­да Мем­лекет басшысы Нұр­­сұл­тан Назарбаев министрліктер, ведомстволар мен ұйымдардың бірінші жетекшілері орын алған жем­қорлық қылмыстар үш­ін жеке жауап беретіндігі ту­ралы ерекше ескерткен де еді. Осыған орай «Нұр Отан» халық­тық-демокра­тия­лық пар­тия­сы Төрағасы­ның бірінші ор­ын­басары Нұр­лан Нығ­матулин мен Эконо­ми­калық қылмысқа және сы­байлас жемқор­лы­ққа қар­сы күрес агент­тігінің төр­ағасы Қайрат Қо­жамжаров «Жемқорлықсыз болашақ­қа барамыз!» атты респуб­ликалық ақпараттық-на­си­хаттық акцияның бас­талғанын хабарлады. Аталған акция жыл сай­­ын сыбайлас жемқор­лық­пен күрес үдерісіне аза­мат­тық қоғам мен оның инс­титуттарының  көпші­лі­гін тарту, қазақстан­дық­тардың жемқорлық және оның кө­ріністеріне қарсы көзқарас пен төзімсіздік ахуалын қа­лыптастыру және осы жұ­мысқа жас­тар­ды көптеп тарту мақсатында өткізі­ле­ді. Оның көмегі көрініп, әсері айқындалып жатыр. Сондықтан аталған акция бірте-бірте дәстүрге айна­лып келеді. Қазіргі уа­қытта кез келген басшы­лық лауа­зымдағы шенеунік, Елбасы атап өткендей, өзінің орын­басарлары мен департтаменттер және комитеттер басшылары ара­сын­да жа­сал­ған қандай бол­масын жемқорлық дерегі үшін бірден өз өтініші бойынша қызметінен кетуге тиіс. Бұл орайда Нұрлан Нығ­­­матулин біз Елбасы­мыз, партиямыздың Төр­аға­сы Нұр­сұлтан Назар­баев­тың тап­сырмаларын орындау үшін бірінші бас­шылардың партия алдын­да­ғы міндетін одан әрі арт­тыру қажет деп есептейміз, дейді. Мысалы, олардың орынбасар­лары­ның не болмаса тікелей бағынатын қызмет­кер­ле­рінің жемқорлық бойын­ша қылмысы сотта дәлел­денсе, онда тікелей бас­шының өзі жауапқа тар­тылады. Ол одан  әрі өз­дерінің Қаржы полиция­сымен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күресте ты­ғыз байланыста жұмыс істеп келе жатқандарын және бұл өз нәтижесін беруде екенін алға тартты. Осы бірлесе атқарған жұ­мыс  қоғамдық қабылдау­лар өткізудегі қызметтің тиімділігін арттыра түсе­тіні анық. Ал Қайрат Қожамжа­ров Елбасының тапсыр­ма­ларына сай жемқор­лық­қа қарсы мемлекеттік саясаттың ең маңызды ба­ғыттарының бірі қоғам­дық институттармен және халықпен тұрақты түрде жұмыс істеу болып та­былатынын атап көрсетті. Себебі, азаматтық қоғам­ның қатысуы мен өз үлесі болмаса алға қойған негізгі мақсатқа қол жеткізу қиын. Осы орайда елімізде жемқорлыққа қарсы көз­қарасты дамыту, қа­лып­тас­қан сана-сезімді арт­тыру, жемқорлыққа төз­беуді өмір­дің әдепкі нормаларына айналдыру өте маңызды десек, атал­ған акция 2011-2015 жыл­дарға арналған сы­байлас жемқорлықпен кү­рес бағ­дарламасы аясында өтуде. Осыған орай алдағы бір ай ішінде әртүрлі іс-шаралар өткізу жоспарла­нып отыр. Атап айтқанда, азаматтарды қабылдау, кә­сіпкерлермен кездесулер өткізу, жемқорлыққа қар­сы суреттер байқауларын, жемқорлыққа қарсы іс-ша­раларды жан-жақты баян­дау үшін БАҚ ара­сын­дағы байқаулар, пікірталастар, қо­ғамдық тың­даулар ұй­ым­­дастыру, «Өзің­­нен баста!», «Таза сессия» ак­ция­ларын және т.б. түрлі тиімді шаралар ұй­ым­дас­тыру жүзеге асы­рылады. Александр ТАСБОЛАТОВ.