Жексенбіде, жарыс біткен күні мұхиттың арғы жағынан алтын жүлденің сыңғыры естілді. 69 килодан жоғары салмақ дәрежесінде күш сынасқан Надежда Ногай барлық үш жаттығу бойынша алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды. Оның нәтижесі – 272 кило. (121 кг. жұлқып және 151 серпе кг.) Надежда екінші орын алған мексикалық Гуено Планесиа Кладистан 48 кило артық көтерді. Сөйтіп, өз қатарластары арасында әлемдік рекордқа өзгеріс енгізді. Мұның алдында жұма күні 69 кило салмақта бақ сынаған Әділбек Балқаев та өз жанкүйерлерін қуантты. Жұлқи көтеруде ол 130 килоны (кіші күміс медаль) еңсерсе, серпіп көтеруде 155 килолық (кіші қола медаль) зілтемірді бағындырды. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 285 кило салмақты еңсерген қандасымыз қола медальді олжалады. Егер Балқаев халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсетіп отырғанын ескерсек, бұл сөз жоқ, өте жақсы нәтиже.
Әділбек – Қызылорда облысы Шиелі ауданының Майлытоғай ауылының түлегі. Білікті бапкер Арман Абдраевтің қол астында жаттықты. Өзінің алғашқы табысына Әділбек Балқаев 2007 жылы қол жеткізді. Ақтөбеде республикалық турнир өтіп, сол жарыста ол топ жарды. 2008 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы атанды. Кейіннен тағы төрт мәрте ел біріншілігінің бас жүлдесіне ие болды. Сонымен қоса ересектер сайысында бақ сынай бастады. 2009 жылы 15 жасар бозабала Талдықорғанда жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатында 62 кило салмақта сынға түсіп, қола жүлдегер атанды. Былтыр Шымкентте ел кубогы жолындағы жарыста жеңімпаз атанып, 23 жасқа дейінгілер арасындағы республика біріншілігінде алтын медальді мойнына ілді.
Биылғы маусым да Балқаев үшін жаман басталған жоқ. Осыдан бір ай бұрын Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында ол 69 кило салмақта күш сынасып, 20 үміткердің арасында үшінші орын алды. Міне, енді төрткүл дүниенің талантты жастары бас қосқан жарыста Әділбек қола медальді иеленді.
– Әділбек Балқаев менің шәкіртім Асқар Абдраевтің қоластында осы спорт түрінің қыр-сырына қанықты. Қазір ұлттық командамыздың мүшесі. Ол жастығына қарамастан өзінен әлдеқайда тәжірибесі мол атлеттермен иық тіресіп жүр. Ол еңбекқор жігіт. Ерте ме, кеш пе, бұл баланың жарық етіп шығатынына еш күмән келтірмеймін. Жалпы, Қазақстанда ауыр атлетиканың дамуына барынша жағдай жасалып жатыр. Республикалық федерация мен Туризм және спорт министрілігі тарапынан қолдау көрсетілуде. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры зілтеміршілерді өз қамқорлығына алды. Ал олай болса, Әділбек те, басқалары да жаттығу барысында барын салып, байрақты бәсекелерде атой салуға тиіс, – дейді Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Вилорий Пак.
Бүгін дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні сағат 02.00-де әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен спортшыларымыз бен олардың бапкерлері Амстердам-Алматы рейсі елге оралды.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026