«Өткен маусымда жарақат алып қалғаным қиын болды. Бірақ ұжымның жетістіктері оның бәрін ұмыттырып жіберді. Қазір бәрі ойдағыдай, толығымен айықтым. Жалпы топпен бірге жаттығып жүрмін. Команда жігіттері бір-бірін тез түсінеді. Алдағы маусымға жоғары деңгейде дайындалу үшін БАӘ-де жағдайдың бәрі жасалған», – деді Асхат.
Трансфер уақыты ашылғаннан кейін командаға бірнеше жаңа футболшылар келді. Олар туралы: «Бізге жақында қосылған жігіттер өз ісінің нағыз шебері. Осы қалпымызда жаттыға берсек, алаңда да, өмірде де тіл табысатынымызға сенімдімін. Бастысы, «Астананың» өркендеуіне септігін тигізсе болғаны», – деді жартылай қорғаушы.