20 Мамыр, 2011

Алматыдағы алапат

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сейсенбінің кешінде Алматы табиғаты тағы да тосын мінез танытты. Бұршақ аралас жаң­быр­дың соңы дүлей дауылға ұласып, кей аудандарда талдар құлап, электр желілері үзілді. Медеу, Шымбұлақ демалыс орындарына апаратын қасқа жолдың бойын­дағы жүз жылдық ағаштар опы­ры­лып, соның салдарынан бір қыз ауыр жарақат алды, бір жігіт өмірімен қоштасты. Қатты дауылдан қала шетіндегі аудандар мен облыс аймағы зардап шекті. Алматы қалалық таби­ғи ресурстарды бақылау бөлімі мамандарының айтуынша, дауыл кезінде Алматы қаласында 174 түп, Медеу-Шымбұлақ бағытында 500 түп, ал Медеу және Іле-Алатау ұлттық саябағында 6 мың түп ағаш опырылып құлаған. Тараз қа­ласының тұрғыны мен оның құр­бысы орналасқан шатырды ағаш басып қалып, бір адам жа­зым бол­ды. Қалалық құтқару қызметінің мамандары Тұйықсу шатқалында демалып жатқан 4 Ресей азаматын қауіпсіз аймаққа шығарған. Басқа зиян шеккен адам жоқ. Алматы қалалық гидрометеоор­та­лығының бастығы Қуанышбек Бая­діловтің айтуынша, аталмыш ор­талық алдын-ала сол күнгі жел­дің екпінін секөнтіне 13 метр деп жобалаған. Алайда, арнайы құрыл­ғы­лардың көрсетуі бойынша жел­дің жылдамдығы секөнтіне 14 метр­ден асып кеткен. Бұл қауіп туды­ратын деңгейден жоғары көрсеткіш дегенді білдіреді. Бір айта кететін жәйт, Алматыда көктемгі қураған ағаштарды отау ісі жүргізіліп, қай­та үлкен апаттың алдын орап үл­геріппіз. Әйтпесе, он мыңнан аса құлағалы тұрған ағаштарды уақ­тылы кесіп тастамаса, нәтижесі тым алаңдатарлық болар еді. Дауыл салдарынан қалада 20 газ құбырының зақымдалу оқи­ғасы, 31 электр жүйесінің үзілу фактісі тіркелген. Қалалық әкім­дік апта со­ңына дейін қала ішіндегі және жапсарлас аудандардағы жол бойында құ­лаған ағаштарды тазартып, қа­лып­ты жағ­дайды орнатамыз деп отыр. Қанат ЕСКЕНДІР, журналист. Алматы.