Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Біз – тәуелсіз елдің дарынды ұрпақтарымыз» атты Дельфийлік ойындар өз мәресіне жетті. Қазіргі кезде ұлттық Дельфийлік ойындар көптеген елдерде өткізіліп келеді. Қазақстанда ойындар алғаш рет 2006 жылы Астана қаласында өтті. Содан бері жыл сайын Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республиканың әр облыстарында осы ойындар өткізілуде. Ойындардың басты мақсаты – жас талантқа барынша қолдау көрсету, оларды өзге және өз халқының мәдени мұраларын, құндылықтарын бағалауға шақыру, Дельфийлік ойындардың өсіп өркендеуіне, қазақ мәдениетін әлемдік деңгейдегі биік белестерден көрсетуге атсалысу. Ережеге сәйкес, жастар арасындағы бәсекелестікке орай, бір номинацияға екі немесе үш өтініш келіп түспеген жағдайда ол номинация сайыстан шығып қалады. Биыл Астана қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Ұлттық Дельфийлік ойындар осымен екінші рет өткізіліп отыр. Оған 12 номинация бойынша 300-ден астам сайыскер қатысы. Ол номинациялар фортепиано, скрипка, академиялық ән салу, эстрадалық ән салу, халық биі, қазіргі заман биі, аккордеон, баян, сондай-ақ қазақтың ұлттық аспаптары, атап айтқанда, домбыра, қобыз, жетіген және фотосурет, бейнелеу өнері бойынша жүзеге асты. Сайыскерлердің өнерін әртүрлі номинациялар бойынша отыздан аса әділқазылар мүшесі бағалады. Әділқазы мүшелерінің шешімімен 140 жуық сайыскерлер үлкен және кіші топтар бойынша алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Халық әндері номинациясы бойынша әділқазылар мүшесі Қапаш Құлыш: «Сайысқа кіші топ бойынша 10 мен 16 жас аралығындағы балалар мен 16 мен 20 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Қатысушы балалардың бойындағы талант пен талап, көздеріндегі ұшқындары алдағы уақытта одан әрі биік белестерге жетелейді деп санаймын. Әсіресе, 10 жастағы балаларымыз домбырасын алып, ән салғанда бойыма ерекше күш орнағандай әсерлендім. Осындай ізбасарларымыздың барына қуаныштымын», – деп өз ойымен бөлісті. Жұлдыз БАЙДІЛДА.
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Айыпталушы көлікте ақау болғанын айтты
Оқиға • Бүгін, 15:59
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:45
Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Сот үйқамақ шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасын өзгертті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:18