20 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №153

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 18 наурыз                   №153                    Астана қаласы «Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 177-бабының 3-тармағына сәйкес  бұйырамын: 1. «Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 тіркелген)  мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiнде: 10-тармақта: екінші бөліктегі «мiндеттi түрде қайтаруға жатады» деген сөздер «қайтарылады»; үшінші бөлікте: бірінші сөйлемдегі «он» деген сөз «бес жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлемдегі «міндетті» деген сөз алып тасталсын; 13-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он» деген сөз «бес жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он» деген сөз «бес жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақтағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздерімен ауыстырылсын; 18-тармақтағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздерімен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Искакбеков А.Ә.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр   Ә. ҚҰСАЙЫНОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.С. Әшімов _________________ 2011 жылғы 24 наурыз Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6896 болып енгізілді.