20 Мамыр, 2011

Ынтымақтастық тереңдей түседі

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның Сыртқы істер министрі Дато Шри Анифа Аманды қабылдады. Қабылдауда екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. – Бірінші кезекте, мен Президентке Малайзия Премьер-ми­нис­трінің Нұрсұлтан Назар­баев­ты таяудағы президенттік сай­лаудағы тамаша жеңісіне орай шын жүректі құттықтауын тап­сыр­дым, – деді министр журналистерге берген сұхбатында. –  Бұл жеңіс – Қазақстан халқының өз Президентіне деген жоғары сенімінің көрінісі. Біз Қазақ­стан­ның өте қысқа мерзімде қол жеткізген жетістіктеріне таңданыс­пен қараймыз. Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында біз де өз тарапы­мыз­дан осы мерекені атап өтуге дайынбыз. Осы 20 жылда сіздер жеткен жетістіктерге қуаныш­ты­мыз. Кездесу кезінде біз, әсіресе, сауда және инвестиция сала­сын­дағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесін талқыладық. Н.Назарбаев малайзиялық ком­панияларды Қазақстан нары­ғына кіруге, елді дамытуға қатысуға шақырды, – деді ол. – Мен Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынастар келешекте де дами беретініне сенемін. Малайзияда оқып жатқан 2000-ға жуық қазақстандық студенттер біздің қарым-қатынас­тарымызды одан әрі нығайта тү­сетін болады. Қазақстан Президентімен және Үкіметімен әрі қарай жұмыс істеп, тәжірибе алмасып, ортақ мақсаттарға қол жеткізгіміз келеді. Қазақстан ИКҰ-ның төрағасы ретінде дана көш­басшылығын танытатынына сенемін. Өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болғанындай, ИКҰ-ның төрағасы ретінде де Қазақстанда Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда үлкен мүмкіндіктер бар.