21 Мамыр, 2011

Қазақстан Респубикасы Үкіметінің қаулысы № 446

340 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін
2011 жылғы 26 сәуір                  № 446                      Астана, Үкімет үйі Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.   Қоса беріліп отырған  авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін. 2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К. Мәсімов. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі  № 446   қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді   жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары 1. Жалпы ережелер 1. Осы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыра­тын ұйымдарға қойылатын сертификаттау та­лап­тары (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қа­зақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 49) тар­мақ­ша­сына сәйкес әзірленді. 2. Сертификаттау талаптары авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – Ұйым) қойылатын талаптарды белгілейді. 3. Осы Сертификаттау талаптарында мы­надай терминдер мен анықтамалар пайдаланы­лады: 1) авиациялық техника – азаматтық әуе кемелері (бұдан әрі – ӘК), олардың жабдықтары, жиынтықтаушы бұйымдары, қозғалтқыштары мен тренажерлер; 2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – АТ ТҚ) жөніндегі сыртқы желілік станция – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы оларға техникалық қызмет көрсету үшін құрған және Қазақстан Республи­касынан тысқары жерде әрекет ететін желілік станция; 3) рұқсат беруші персонал – әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, оның жүйесін немесе компонентін оларды АТ ТҚ және Ж орындал­ғаннан кейін пайдалануға рұқсат беру үшін куәландыратын авиациялық персонал; 4) инженерлік-техникалық персонал – ӘК және/немесе оның компонентін АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмысқа рұқсаты бар авиамаманның жарамды куәлігі бар авиациялық персонал; 5) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін әуе кемесінің техникалық жай-күйі; 6) АТ ТҚ желілік станциясы – Қазақстан Республикасының аумағында АТ ТҚ негізгі базасы орналасқан әуежайдан тысқары кемінде үш ай мерзімге құрылатын АТ ТҚ жөніндегі ұйымның бөлімшесі; 7) ұшуға жарамдылықта ұстау – ӘК-нің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі және оларды жұмыс істеуінің пайдалану мерзімі бойында қауiпсiз пайдалану үшін қажеттi күйде ұстау солар арқылы қамтамасыз етілетiн шаралар кешені; 8) жөндеу – ұшуға жарамдылық нормала­рына сәйкес анықталатын авиациялық техника­ның ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру; 9) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі жөніндегі нұсқау – АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен және АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызмет саласы, оның басшылығының функциялары мен міндеттері, инженерлік-техникалық персонал, құрылы­мы, өндірістік базасы, АТ ТҚ және Ж рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпараттан тұратын құжат; 10) сапа жөніндегі нұсқау – АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сапа саласындағы саясатын баяндайтын және сапа жүйесін сипаттайтын құжат; 11) басшы персонал – АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстарды өздеріне жүктел­ген мiндеттерге сәйкес ресурстық және ұйым­дас­тырушылық қамтамасыз етудi жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi өкiлеттiгі бар ұйым персо­налының құрамындағы уәкiлеттi тұлғалар; 12) АТ ТҚ және Ж туралы куәлік – АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылықта баяндалған бекітілген деректер мен рәсімдерге сәйкес онда көрсетілген ТҚ жө­нін­дегі жұмыстарды қанағаттанарлық орындау­ды растайтын мәліметтер бар құжат; 13) сапа жүйесі – сапа стандарттарына сәйкес сапаны әкімшілік басқаруды жүзеге асыру үшiн қажетті ұйымдастырушылық құры­лым­ның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы; 14) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі – ҰҚБЖ) – қажетті ұйымдас­тыру­шылық құрылымды, жауапкершілік сатылығын, басшылық ететін қағидаттар мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі көзқарас; 15) техникалық қызмет көрсету – бақылау-қалпына келтiру жұмыстарын, тексеруді, алмас­тыруды қоса алғанда, әуе кемесiнiң ұшуға жа­рам­дылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қа­жеттi жұмыстарды жүргiзу, жеке-жеке де, үй­лес­тіріп те орындалатын ақауларды жою, сондай-ақ түрлендіруді немесе жөндеудi іс жүзінде жүзеге асыру; 16) адам факторы – АТ әзірлеуде және сертификатауда, персоналды даярлауда, ұшуларды жүргізуде және ТҚ-да қолданылатын және адамның қасиеттерiн тиiсiнше қарастыру және есепке алу жолымен адам мен жүйенің басқа да элементтері арасындағы өзара қауiпсiз іс-қимылға қол жеткізуге бағытталған қағидаттар; 17) пайдалану құжаттамасы – ӘК-ні және ТҚ-ны қоса алғанда, компонентінің ұшуы мен техникалық пайдалануды регламенттейтін және пайдалану шектеулері, рәсімдер мен ұсынымдар бар құжаттама. 4. АТ ТҚ және Ж жөніндегі куәлікті авиациялық персоналға уәкілетті орган береді. 2. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар 5. Авиациялық техникаға техникалық қыз­мет көрсетуді және жөндеуді (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) жүзеге асыратын ұйымдар мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет: 1) қызметтің мәлімделген саласында жұ­мыс­тарды орындау үшін жеткілікті бекітілген ұйымдық құрылымының және өз қызметін бас­қару жүйесінің болуы; 2) қызметтің мәлімдеген саласына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруға және орындауға қойылатын талаптарды айқындайтын жарамды және белгіленген тәртіппен ескерілген пайдалану құжаттамасының болуы; 3) ӘК техникалық қызмет көрсету бағдар­ла­масы (регламенті), ұшуға жарамдылық дирек­тивалары, азаматтық авиация саласындағы уәкі­летті органның нұсқаулары  мен өкімдері, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат, ӘК әзірлеушінің (жасаушының) бюллетеньдері бойынша ӘК және оның құрамдауыштарына АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету; 4) АА-дағы қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және ұйымның ішкі құжаттамасының талаптары мен ережелерін (оның ішінде белгіленген тәртіппен бекітілген және қолданысқа енгізілген өзгеріс­тер мен толықтыруларды ескере отырып) олар­ды уақтылы зерделеу және орындау мақсатында персоналдың назарына уақтылы жеткізу нұс­қаулығының болуы; 5) жұмыстарды орындау және персонал үшін талап етілетін жағдай жасау үшін ғимарат­тардың, құрылыстардың, қажетті энергия түрле­рінің, өндірістік, қойма, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлардың болуы; 6) қажетті құралдар мен аспаптардың, сон­дай-ақ оларды жарамды күйде ұстау жүйесінің болуы; 7)  жұмыстарды орындауға қажетті құрам­дас бөліктердің, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының қажетті қорының болуы; 8) ұйымның штатында жоспарланған жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін мөлшерде қажетті білікті персоналдың болуы; 9) персоналдың біліктілігін қолдау (арт­тыру), оны даярлау және қайта даярлау жүйе­сінің болуы; 10) АТ ТҚ және Ж, модификациялау, жөндеу жұмыстарының және АТ-дағы өзге де жұмыстардың орындалғандығы туралы деректерді жұмыстардың толық көлемде және АТ ТҚ және Ж (жөндеу, модификациялау) бағдарлама­сына (регламентіне) сәйкес орындалғандығын растайтын деректерді тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ету; 11) АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұ­мыстардың тиісінше орындалуына кепілдік беретін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің болуы; 12) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылық пен АТ ТҚ және Ж сапасы туралы басшылықтың болуы; 13) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (ҰҚБЖ) болуы. 6. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мына­дай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді: 1) қолайсыз ауа-райы жағдайларынан қор­ғауды қамтамасыз ететін барлық жоспарланған жұмыстарды орындау үшін өндіріс қуаттары­ның, зертханалардың, учаскелердің болуы. Тех­ни­калық қызмет көрсетуді орындаған кезде қор­шаған ортаны ластаудан және әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін қажетті, өзара бөлінген цехтар мен ангарлардың болуы; 2) барлық жоспарланған жұмыстарды басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген АТ ТҚ және Ж стандарттарына сәйкес өзінің міндеттерін табысты орындай алуы үшін рұқсат берілген персоналды орналастыру үшін жұмыс (офистік) үй-жайларының болуы; 3) жабдықтармен жұмыс істеу үшін ангар­ларды, цехтарды (зертханаларды, учаскелерді) қоса алғанда, өндірістік орта жағдайы­ның және офистік үй-жайлардың онда орындалатын жұ­мыстарға сәйкес келуі, бұл ретте: үй-жайлардағы температуралық режим Цельсий бойынша 16 – 22 градус аралығында ұсталуы тиіс; шаң мен ауаның басқа да ластануы барын­ша азайтылуы тиіс, ӘК-нің/компоненттерінің беткі қабатына шаң қонуы көзге түскенде, жұ­мыс аумағының ластануының мұндай деңгейіне жол берілмейді. Шаң немесе беткі қабатына шаң қону түріндегі өзге де ластану пайда болған жағдайда қолайлы жұмыс жағдайларын қалпы­на келтiргенге дейiнгі кезеңде ластануға сезiм­тал барлық жүйенi тығыз жабу қажет; жарық АТ ТҚ және Ж жөніндегі тексе­рулердiң барлық түрлерiн, қараулар мен басқа да жұмыстарды тиiмдi жүргiзуді қамтамасыз етуге тиіс; шу персоналдың жұмыстарды орындауына кедергі келтірмеуге тиіс, шу көзін реттеу орын­сыз болған жағдайда аталған персонал артық шудың жұмыстарды орындауға кері әсерін жоя­тын қажетті дербес шудан қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс; АТ ТҚ және Ж жөніндегі нақты жұмыс жоғарыда айтылғандардан ерекше өндірістік ортаның айрықша жағдайларын жасауды талап еткен жағдайда, мұндай жағдай жасалуға тиіс, мұндай айрықша жағдай АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамада көрсетіледі; жедел АТ ТҚ және Ж орындау шарты Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талатарына сәйкес келуге тиіс, температура, ылғалдық, тұман, мұз, қар, жел, жарық, шаң немесе ауаның осындай өзге де ластануы бөлігінде жол берілмейтіндей деңгейге дейін жұмыс жағдайы нашарлаған жағдайда, нақты жұмыс немесе АТ ТҚ және Ж түрі қалыпты жұмыс жағдайын қалпына келтіргенге дейінгі кезеңге кейінге қалдырылуға тиіс; компоненттерді, жабдықтарды, аспаптар мен материалдарды орналастыру үшін қауіпсіз­дік құралдарымен жабдықталған қойма үй-жайларының болуы. Сақтау шарты кондиция­лық және кондициялық емес құрамдастар мен материалдарды және басқа да өзге құрамдас­тарды, материалдарды, жабдықтар мен аспап­тар­ды бөлек сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Сақтау шарты АТ әзірлеушілердің нұсқауларына жауап беруге тиіс, ал бұл үй-жайларға шектеу қойылып, рұқсат тек уәкілетті персоналға ғана берілуге тиіс. 3. Персоналға қойылатын талаптар 7.  АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жауап­ты басшыны тағайындайды, оған жұмыстарға тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстарды қаржы­ландыру және уақтылы орындау бөлігінде жауапкершілік жүктеледі. 8. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда ұйым­ның осы талаптарға тұрақты түрде сәйкестігіне қатысты жауап беретін басшы персонал болады. Бұл басшы персонал тек ұйымның жауапты басшысына ғана бағынады, бұл ретте: 1) басшы персонал Қазақстан Республика­сының Үкіметі бекітетін Азаматтық және экс­периментальды авиацияның авиация персона­лын аттестаттау қағидасына сәйкес аттестат­талады; 2) әрбір нақты адамның, олардың ұзақ уақыт болмай қалған жағдайда орнын ауысты­рудың айқын рәсімдері болуға тиіс. 9. Жауапты басшы керi байланыс жүйесiн қоса алғанда, сапа жүйесіне қатысы жауапты болатын адамды тағайындайды. Бұл тағайын­дал­ған адам сапа және талаптарға сәйкестiк мәселелері бойынша жауапты басшыға тиiсiнше ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін жауапты басшыға тiкелей кіре алуға тиіс. 10. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда жоспарлау, орындау, өндірісті басқару және жұмыс­тардың сапасын бақылау үшін оны бекіту сала­сына сәйкес қызметкерлердің жеткілікті өз шта­ты бар екендігін растайтын жүктеме жоспары болуға тиіс. Бұдан басқа, ұйымда қызметкер­лер­дің іс жүзіндегі штаты нақты жұмыс ауысымы немесе жұмыс кезеңі үшін жоспарланғаннан аз болған жағдайда орындауға қабылданған жұ­мыс­тарды жедел қайта жоспарлау рәсімі болуға тиіс. 11. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым аза­маттық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген рәсімдерге сәйкес ТҚ орындауға, басқаруға немесе жұмыс сапасын бақылауға қатысатын персоналдың құзырет деңгейін белгілейді және бақылайды. Белгілі бір еңбек функ­циясына қатысты қажетті жұмыс тәжірибесінен басқа, құзыреттілік деңгейі адам факторы мәсе­ле­лері мен осы адамның ұйымдағы тиісті функциясына байланысты адамның қасиеттерiн түсінуді қамтиды. 12. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мыса­лы, ӘК және/немесе құрамдастарды бұзылмай­тын бақылау сияқты ұшуға жарамды етіп ұс­тауға байланысты жұмыстардың арнайы түрле­рiн орындайтын немесе бақылайтын персоналда ӘК/компонент бөліктерді әзірлеушілердің нормативтік талаптарына сәйкес келетін білікті­ліктің болуын қамтамасыз етеді. 13. Сапа жүйесiне қатысты жауап беретін адам, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның аты­нан рұқсат етiлетiн персоналға рұқсаттар беруге де жауап береді. 14. Ұйым барлық инженер-техникалық персоналдың тізілімін жүргізеді. Персоналдың тізілімі мыналардан тұрады: 1) АТ ТҚ және Ж жөніндегі мамандардың куәліктері туралы мәліметтер; 2) персонал өткен барлық даярлық түрлерi туралы мәліметтер; 3) берілген рұқсаттар саласында; 4) шектелген немесе бірнеше рұқсаты бар персонал жөніндегі деректер. 15. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым тізілім­нің деректерін инженер-техникалық персонал құрамындағы адам осы ұйымнан жұмыстан кеткен күнінен не рұқсатты жойған күннен бастап кемінде екі жыл сақтайды. Бұдан басқа, рұқсат етілген персоналдың құрамындағы жұмыстан кететін адамның сұрау салуы бойынша АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым бес жұмыс күні ішінде оған тізілімнен үзінді көшірме береді. 16. Инженер-техникалық персоналдың құрамындағы адамның сұрау салуы бойынша оған бір жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған тізілімнің жеке деректеріне рұқсат беріледі. 4. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның жабдықтарына, аспаптары мен материалдарына қойылатын талаптар 17. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды орындау үшін бекітілген қызмет саласына сәйкес АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қажетті жабдық­тарға, аспаптар мен материалдарға ие болады. Егер АТ әзірлеуші нақты құралды немесе аспапты қолдануды көрсетсе, онда АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым осы жабдықты немесе аспапты АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылықта жабдықтардың немесе аспаптардың өзге түрлерiн қолдану жөнінде рәсімдер белгіленген жағдайларды қоспағанда, қолданады. Жабдық немесе аспап оны іс жүзінде ұдайы пайдаланудың мүлдем қажеттігі болмай­тындай сирек қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жабдық пен аспап АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның ұдайы билігінде болады. Мұндай жағдайлар АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауда егжей-тегжейлі сипатталады. Кезеңді ТҚ орындауға бекітілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қол-жетімді қажетті құ­ралдармен жабдықталады және онда ӘК мұқият тексеру үшін тексеру мен қарауды жүргізу үшін тұғырнамасы (немесе балама жабдығы) болады. 18. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жұмыс істеу қабілетін және дәлдікті қамтамасыз ететін кезеңділікпен бақылау құралдарын қоса алған­да, барлық жабдықтар мен аспаптарды есепке алуды және метрологиялық бақылауды қамтама­сыз етеді. Ұйым осындай метрологиялық бақы­лау және бұл ретте қолданылатын стандарттар бойынша есептiк құжаттаманы жүргiзудi қамта­масыз етеді. 5. АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамаға қойылатын талаптар 19. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертифи­катты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым­ның өз билігінде АТ ТҚ және Ж жөнінде қол­данатын құжаттар болады және оны түрлендіру мен жөндеуді қоса алғанда, АТ ТҚ және Ж орындау кезінде пайдаланады. 20. АТ ТҚ және Ж жөніндегі қолданы­латын құжаттар мыналарды білдіреді: 1) әзірлеуші шығарған кез келген қолданы­латын талаптар, технологиялар, пайдалану директивалары немесе өзге де деректер; 2) әзірлеуші шығарған кез келген қолданы­латын ұшу жарамдылығының директивалары; 3) АТ типті сертификатты және оған толық­тыруларды ұстаушылар, сондай-ақ осын­дай нұсқауларды шығаратын басқа да ұйымдар шығарған ұшу жарамдылығын ұстау жөнінде қолданылатын нұсқаулар; 4) осы Сертификаттау талаптарының 27-тармағына сәйкес шығарылған кез келген қолданылатын құжаттар мен деректер. 21. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым өнді­рістік персонал пайдаланатын АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамада дәл емес, толық емес немесе дұрыс емес рәсімдерді немесе технология­ларды, мәліметтерді немесе нұсқауларды тапқан жағдайда мұндай деректерді тіркеуді және АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттама авторын хабардар етуді қамтамасыз ететін рәсімдерді белгілейді. 22. Ұйым АТ ТҚ және Ж жөніндегі нұс­қауды АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сапа­сы туралы басшылықта айқындалған тәртіппен ғана өзгертеді, бұл ретте жөндеу мен түрленді­ру­ге арналған құжаттаманы әзірлеу процестеріне жол берілмейді. Мұндай өзгерістерге қа­тысты ұйым ТҚ баламалы немесе неғұрлым жоға­ры стан­дарттарын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді және ӘК типті сертификатты ұстау­шыны осын­дай өзгерістер туралы хабардар етеді. 23. Ұйым өз қызметінде пайдалану үшін технологиялық жұмыс карталарын әзірлеудің жалпы жүйесін жасайды. Бұдан басқа, ұйым осы технологиялық жұмыс карталарына осы Сертификатталған талаптарда көзделген АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамадан ақпаратты не толық не дәлме-дәл көшіреді не жұмыс карта­ларында АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды орындау бойынша нақты нұсқауларға дәл сілтемелер береді. Технологиялық жұмыс картала­рын компьютерді пайдаланып қалыптастыруға және электрондық базада сақтауға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ұйым дерекқорды қорды рұқсатсыз өзгертулерге қарсы қорғауды және негізгі дерекқорға кез келген өзгерісті енгізген сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде жаңартылуға тиіс резервтік дерекқордың бо­луын қамтамасыз етеді. АТ ТҚ және Ж жөнін­дегі жұмыстардың күрделі түрлерін орындауды есепке алу үшін олардың технологиясы жұмыс­тардың айқын және  түсінікті кезеңдеріне бөліп, технологиялық жұмыс карталарына көшіріледі. Егер ұйым өзінің технологиялық жұмыс карталарының меншікті жүйесін пайдалануды талап ететін ӘК пайдаланушыға АТ ТҚ және Ж қызметтерін ұсынса, онда пайдаланушы карта­ла­рының осындай жүйесін пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда ұйым ӘК пайда­ланушының технологиялық жұмыс карталарын дұрыс орындауды қамтамасыз ететін рәсімді қабылдайды. 24. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманы өз персона­лының кедергісіз пайдалану мүмкіндігін қамта­масыз етеді. 25. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым уақтылы жаңартып отыруға кепілдік беретін АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманың жай-күйін бақылау рәсімін белгілейді. Егер құжаттаманың жай-күйін осындай бақылауды ӘК пайдалану­шы/тапсырыс беруші жүзеге асыратын және өзі АТ ТҚ және Ж жөніндегі осы құжаттаманы ұсынатын болса, онда АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мұны пайдаланушыдан/тапсырыс берушіден АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамаға барлық міндетті өзгерістердің енгізілгендігін куәландыратын хат не АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманы пайдалануға жататын мәртебені айқындайтын шартты не ӘК-не пайдаланушы/тапсырыс беруші берген АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамаға өзгерістер есепке алынған парақты беру жолымен растайды. 26. Ұйымда жөндеу, технологиялық және бақылау құжаттамалары болуға тиіс. 27. Ұйымда белгіленген тәртіппен бекітілген, құрамы және саны бойынша: 1) Ұйымның барлық қажетті технология­лық құжаттаманы әзірлеуін; 2) қажетті жөндеу құралдарын әзірлеуді және даярлауды; 3) бұйымды жөндеу процесінде барлық бұ­зылуларды (ақауларды) табуды және оларды ба­ғалау мен жою жөнінде шешімдер қабыл­дауды; 4) бұйымдарды түрлендіруді және қалпына келтіру жұмыстарын орындауды; 5) бөлшектерді дайындауды қамтамасыз ететін, есепке алынған конструкторлық құжат­тама болады. 28. Ұйым: 1) конструкторлық құжаттаманы басқару жөніндегі рәсімдерді әзірлеуді; 2) жөнделінетін авиатехниканың әрбір түрі бойынша жөндеу үшін құжаттар ведомо­сының болуын; 3) қолданыстағы конструкторлық құжатта­ма­ны есепке алу мен сақтауды ұйымдастыруды; 4) түсіп жатқан өзгерістерді дұрыс және уақтылы енгізу мен оларды орындаушылар мен техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлеріне жеткізуді; 5) жарамсыз конструкторлық құжаттаманы қолданыстан алуды қамтамасыз етеді. 29. Бұйымдарды жөндеу (түрлендіру) авиатехниканы жөндеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын сақтай отырып, Жасаушы (Әзірлеуші) белгіленген тәр­тіп­пен әзірлеген жөндеу жөніндегі құжаттама (Жөндеу жөніндегі нұсқау, Негізгі бөлшектеу мен жөндеу рұқсаттарының альбомы және бас­қалар) бойынша жүзеге асырылады. Техноло­гиялық құжаттамада жұмыстарды орындау тәсілдері, кезектілігі және шарттары, бақыла­натын параметрлер мен бақылау тәсілдері, технологиялық құрылғы, құрал мен материалдар, бұйымдарды зақымданудан және ластанудан қорғауға, өндірістік ортаға қойылатын талаптар, бөлшектерді сәйкестендіру тәсілдері көрсетілуге тиіс. Жасаушының (Әзірлеушінің) конструктор­лық және технологиялық құжаттамасы, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік, салалық стандарттар мен өнеркәсіптің технологиялық нұс­қау­лықтары негізінде Ұйым әзірлеген техноло­гиялық құжаттама қолданылуы мүмкін. Мұндай құжаттама Жасаушымен (Әзірлеушімен) келісілген. Ұйым технологиялық құжаттаманы пайда­ла­нуды, өзгерістер енгізуді, орындаушыларға жеткізуді, есепке алу мен сақтауды жүзеге асырады. Әуе кемелерінің (компоненттердің) жекелеген даналарын түрлендіру Әзірлеушінің құжаттамасы бойынша немесе онымен келісіліп орындалады. 30. Бұйымдарды жөндеудің (түрлендіру­дің) барлық сатысында: 1) бұйымның атауы мен нөмірінен; 2) түрлендіруді және конструкторлық құжаттаманың және технологиялық құжатта­ма­ның (техникалық шешімдер парақтары, рұқсат карталары және басқалары) талаптарынан жіберілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнынан; 3) бөлшектердің, бұғаулардың және бұйымдардың іс жүзіндегі сипаттамалары мен параметрлерінен; 4) жұмыстарды орындау мен бақылау күнінен; 5) орындаушылар мен бақылаушылардың тегінен және қолынан (мөртаңбасынан, жеке таңбасынан) тұратын бақылау құжаттамасы ресімделеді. 31. Өндірістік-бақылау құжаттамасының (эталондық Жөндеу ісі) құрамы мен нысанын қолданыстағы нормативтік құжаттама негізінде бұйымның типіне және жөндеуді ұйымдасты­руға қолданылатындай етіп Ұйым әзірлейді, бекітеді және түзетеді. Бұйымда ресімделген өндірістік-бақылау құжаттамасы «Бұйымды жөндеу ісінің» құрамында жинақталады. 32. Бұйымның әрбір данасына ресімделген «Жөндеу ісі» эталондық «Бұйымды жөндеу ісіне» сәйкес келуге тиіс. «Бұйымды жөндеу ісі» бұйымды есептен шығарғанға дейін ұйымда сақталады. Ұйым таратылған жағдайда «Жөндеу ісі» азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықтаған ұйымға беріледі. 33. Пайдалану құжаттамасының номенкла­турасы мен оны жүргізу тәртібі уәкілетті орган бекіткен стандарттар мен авиациялық техника­ны пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруге тиіс. 6. Өндірiстi жоспарлауға қойылатын талаптар 34. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертифи­катты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне жауап беретін және барлық ресурстарды: персоналды, жабдықтарды, аспап­ты, материалдарды, АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманы және АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін қажетті өндiрiстi үй-жайларды жоспарлау үшін пайда­ланатын өндiрiстi жоспарлау жүйесі болады. 35. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен жұмыс ауысымын ұйымдастыру адамның психофизиологиялық шектеулерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек­ті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып жүргізіледі. 36. Ауысымға немесе орындаушылар құрамының өзгеруіне байланысты АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды жалғастыру немесе аяқтау қажет болған жағдайда тиісті ақпарат ауысатыннан жаңадан келген персоналға дәлме-дәл беріледі. 7. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстар туралы мәліметтерді есепке алуға қойылатын талаптар 37. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертифи­катты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым орындалған жұмыстар туралы бүкіл ақпаратты тіркейді. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жұмыс­тардың қосалқы медігерлері (тарапты ұйымдар) ресімдейтін, АТ-ны пайдалануға рұқсат беру туралы құжаттарды қоса алғанда, ТҚ туралы куәліктерді ресімдеуге қатысты барлық талаптарды сақтауды растау үшін қажетті есептік мәліметтерді сақтайды. 38. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым ӘК пайдаланушының билігіне ол ресімдеген әрбір АТ ТҚ және Ж туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ осы жөндеуді немесе түрлендіруді орындаған кезде пайдаланылған жөндеуге немесе түрлендіруге арналған кез келген бекітілген құжаттаманың көшірмесін береді. 39. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстар туралы есептік мәліметтерді және АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарға байланысты кез келген құжатта­маны осы жұмыстар орындалған нақты ӘК немесе ӘК құрамдас бөлігін осы ұйымнан шығар­ған күннен екі жыл ішінде мынадай тәсілмен сақтайды: 1) осы тармақта көзделген мәліметтер олар­ды бүліну және жоюдан қорғауды қамта­масыз етеді; 2)  деректерді мұрағаттау мен резервтік сақтау үшін пайдаланатын барлық компьютерлік жабдықтар деректердің жұмыс көшірме­лерінен тұратын жабдықтардан бөлек және осы жабдықтар мен мұрағат деректердін жақсы  күйде ұстауды қамтамасыз ететін жағдайда орналасады; 3) ұйым өз қызметін тоқтатқан жағдайда соңғы екі жылда АТ ТҚ және Ж жұмыстары туралы барлық сақталған есептік мәліметтер соңғы тапсырыс берушіге немесе тиісті ӘК немесе компонентінінің иесіне беріледі не оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ор­ган­ның нұсқауларына сәйкес сақтау қамтамасыз етіледі. 8. Ұшуға жарамдықтың бұзылуы туралы есептілікке қойылатын талаптар 40. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым аза­маттық авиация саласындағы уәкілетті органға, ӘК тіркеу мемлекеті мен ӘК немесе компонен­тінің үлгілік конструкциясы немесе үлгілік конс­трукциясын түрлендіру үшін жауапты ұйымға және қажет болған жағдайда пайдала­нушының мемлекетіне осы ұйым кез келген анықтаған ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін немесе осындай әсер етуі мүмкін ӘК-нің немесе құрамдас бөлігінің ұшу жарамды­лығының бұзылуы туралы есепті жібереді. 41. АТ ТҚ жөніндегі ұйым осы сертификаттау талаптарының 41-тармағының ережелеріне сәйкес есептілікке жататын оқиғаларды бағалау нәтижелері бойынша іріктеу рәсімдерін қоса алғанда, осындай есептілік деректерін жинау мен бағалауды қамтамасыз ететін ұшу жа­рамдылығының бұзушылықтары туралы есеп­тіліктің ішкі жүйесін құрады және АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшы­лықта баяндайды. Аталған рәсімдер кемшiлiк­тердi жоюға қабылданған түзетушi іс-әрекеттер­дің теріс үрдістерін анықтайды, сондай-ақ қара­латын оқиғалар бойынша барлық қолда бар ақ­паратты талдау тәртібі мен осы ақпаратты қажет болған жағдайда тарату әдiстерiн қамтиды. 42. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және нысан бойынша есептілікті жібереді және ұйым айқындаған бұзушылықтар, олардың анықтау шарттары және оларды талдау нәтижелерi туралы барлық қажеттi ақпаратты қамтиды. 43. Егер АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым ӘК ұшу жарамдылығын оның коммерциялық пайдаланушысымен шарт бойынша қолдауды жүзеге асыратын болса, онда осы ұйым, сондай-ақ ӘК пайдаланушыға да аталған пайдалану­шы­ға тиесілі ӘК-нің немесе құрамдас бөліктің ұшу жарамдылығына әсер ететін кез келген осындай оқиға туралы ақпарат үшін есеп жібереді. 44. Ұйым есептілікті мүмкіндігінше қысқа мерзiм ішінде, бiрақ кез келген жағдайда мiн­деттi есептілікке жататын оқиғаны АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым  тапқан сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей әзірлейді және жібередi. 9. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауға қойылатын талаптар 45. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым аза­маттық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай ақпаратты қамтитын АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауды табыс етуге тиіс: 1) қызметін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқаудың ережелеріне және онда көрсетілген барлық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырған кезде жауапты басшы қол қойған ұйым қызметінің осы сертификаттау талаптарының шарттарына сәйкестігі туралы декларация, сондай-ақ осы сәйкестікті үнемі қолдау міндеттемесі. Егер жауапты басшы ұйымдағы бірінші тұлға болып табылмаса, онда бұл тұлға осы декларацияға қол қоюға тиіс; 2) сертификаттау талаптарына сәйкес қауіп­сіздік және сапа саласындағы ұйым саясаты; 3) олар бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым атынан тікелей жүгінуге құқы­лы болатын мәселелерді қоса алғанда, осы Сертификаттау талаптарының 7-тармағына сәйкес тағайындалған тұлғалардың тең бағыныстылы­ғын көрсете отырып, тектері мен лауазымдары­ның, олардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі, ұйымды басқару құрылымы; 4) инженерлік-техникалық персоналдың тізілімі; 5) ұйым қызметкерлері құрамының жалпы сипаттамасы; 6) өтінімде көрсетілген ұйым мекен-жайларының әрқайсысы бойынша орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаттамасы; 7) сұрау салынған бекіту саласына сәйкес ұйым қызметі саласының сипаттамасы; 8) қызмет туралы басшылыққа өзгерістер енгізу рәсімдері; 9) осы талаптарға сәйкес ұйымда белгіленген және сапа бойынша басшылықта жазылған рәсімдер мен сапа жүйесі; 10) олар үшін ұйым АТ ТҚ және Ж қызметтерін көрсететін ӘК пайдаланушымен және/немесе АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл тәртібі, егер мұндайлар болса; 11) АТ ТҚ және Ж орындауға тартылатын қосалқы мердігер (тарапты) ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі, егер мұндайлар болса; 12) ТҚ желілік/сыртқы желілік станцияла­рымен өзара іс-қимыл тәртібі, егер мұндайлар болса. 46. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауға ұйымның ағымдағы жай-күйін көрсететін өзгерістер уақтылы енгізіліп тұрады. Қызмет туралы нұсқау және оған өзгерістер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады. 10. Метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 47. Ұйым жөндеу өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құ­жаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Жұмыс­тар­ды метрологиялық қамтамасыз ету Өлшем бірліктерінің қамтамасыз ету жүйесі стандарт­тарын сақтай отырып жүзеге асырылады және өзіне: 1) метрологиялық зертханалар маманда­рын оқыту мен аттестаттауды; 2) өлшеу құралдарын тексеруді; 3) өлшеу құралдарын паспорттау мен метрологиялық аттестаттауды; 4) өлшеу құралдарының тіркелімін жүргізуді; 5) технологиялық және конструкторлық құжаттамаларға метрологиялық сараптаманы қамтиды. 48. Ұйым авиациялық техника бұйымда­ры­ның белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті мониторинг және өлшеу үшін құрылғыны орнатады. 49. Жабдық: 1) белгіленген кезеңде немесе оны ха­лықаралық немесе ұлттық эталондармен салыс­тырғанда бірлік мөлшерлерін беретін үлгі эталондары бойынша қолданудан бұрын калибрленген немесе тексерілген болуға тиіс. Ондай эталондар болмаған жағдайда, калибрлену немесе тексеріс үшін пайдаланылатын база тіркелген болуы тиіс; 2) реттелген; 3) калибровка мәртебесін белгілеу мақсатында сәйкестендірілген; 4) өлшеу нәтижелерін жарамсыз етуі мүмкін реттелулерден қорғалған; 5) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сақтау барысында зақымданудан және жай-күйінің нашарлануынан қорғалған болуға тиіс. 50. Егер жабдықтың талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, Ұйым өлшеудің алдыңғы нәтижелеріне бағалауды және тіркеуді жүргізеді. 51. Ұйым бұзылған және тексерілмеген өлшеу құралдарының технологиялық процестерден уақтылы алуды қамтамасыз етеді, сон­дай-ақ техникалық өлшеу құралдарын салыс­тырып тексеру кестелерінің жай-күйі мен сақта­луын бақылау үшін жауапты адамдарды тағайындайды. 11. Авиациялық техниканы жөндеудің технологиялық процестеріне қойылатын талаптар 52. Ұйым бөлімшелерде нормативтік, ұйым­­дастырушылық-тәртіптік, техникалық жә­не өндірістік-бақылау құжаттамаларын басқа­ру бойынша рәсімдерді жоспарлауы және әзірлеуі қажет. Бұйымдарды жөндеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қолданыстағы стандарт­тар­дың және нормативтік құжаттаманың талап­тарына сәйкес жүзеге асырылады. 53. Ұйымда жоспарланған жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде ангарларды, цех­тарды, қоймаларды, қызметтік және тұрмыстық бөлімшелерді, жөнделетін бұйымдарды, жөндеу құралдарын орналастыру үшін, сондай-ақ пер­со­налды орналастыру үшін жеткілікті өндірістік алаңдар болуы қажет. Бұл ретте өндірістік алаңдар: 1) көлемі, жоспарлануы, жарықпен қамта­масыз етілуі, температурасы, ылғалдылығы, тазалығы және басқа да параметрлері бойынша нормативтік құжаттама мен технологиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді; 2) жұмыстарды орындау үшін қажетті энергия көздерімен және коммуникациялармен (электр энергиясымен, сығылған ауамен, жылу­мен, сумен, желдеткішпен және басқалармен) жарақтандырылады; 3) жұмыс істеу аймақтарының қауіпсіз­дігін (бақылау жүйелерінің және өрттен, жарылыстан, уытты әсерден және басқалардан қорғаудың болуы) қамтамасыз етеді. Бұйымдарды жинау учаскелері қиқым, металл және абразивтік шаңдар мен басқа да кірлерді жасайтын кез келген механикалық өңдеу түрлері орындалатын жерлерден оқшауланды­рылады. Бұйымдарды тазалау, жуу, бояу учаскелері де басқа жұмыс орындарынан оқшаулан­дырылады. Жөндеу жұмыстарын өндірістік үй-жай­лар­дан тысқары жерлерде орындау технология­лық құжаттамада айтылған, бірақ бұл ретте жұмыстарды температура, ылғалдылық, шаңда­ну және атмосфералық жауын-шашын бойынша қолайлы ауа-райы жағдайында ғана орындауға жол беріледі. 54. Материалдарды, бұйымдарды, құрал-саймандар мен жабдықтарды сақтау үшін қойма үй-жайларын қарастыру қажет. Сақтау жағдайы нормативтік құжаттаманың талаптарына жауап береді. 55. Ұйым қоршаған ортаны қорғау жө­ніндегі барлық талаптардың орындалуын қам­тамасыз етеді. Персонал жұмыс істейтін қыз­меттік үй-жайларды жоспарлауды жүзеге асыру мен өндіріске басшылық ету, сапаны басқару, персоналды қолайсыз ауа-райынан және өндірістік факторлардан қорғау үшін, сондай-ақ құжаттаманы ресімдеу мен зерделеу үшін жобалау және жабдықтау қажет. 56. Ұйымда технологиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін (ұқсас немесе бірдей) жоспарланған жұмыстарды орындау үшін жөндеу құралдары болуы қажет. Қолданылатын жөндеу құралдары сәйкес­тендірілген (таңбалау, паспорт беру) және Ұйымның тиісті бөлімшесі аттестаттаған. Жөндеу құралдарын мерзімдік тексеруді, калибровкалауды, оларға қызмет көрсетуді, жөндеу мен сақтауды нормативтік құжаттама­ның талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ қойылған талаптарға сәйкес келмейтіндерін оқшаулау қажет. 12. Бұзылмайтын бақылау 57. АТ ТҚ және Ж жөніндегі серти­фикатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым: 1) бұзылмайтын бақылау бөлімшелерінің қызметін бақылау рәсімдерін; 2) бұзылмайтын бақылаудың барлық қол­данылатын әдістері үшін нормативтік құжат­тарды; 3) құйын тәрізді ток, ультрадыбыстық, магнитті, капиллярлық бақылау үшін салалық бақылау және жұмыс үлгілерін қолдануды регламенттейтін рәсімдерді; 4) бұзылмайтын бақылаудың технология­лық процестеріне технологиялық нұсқаулық­тарды; 5) жөнделіп жатқан авиациялық техника­ның бұғаулары мен бөлшектерінің бұзылмайтын бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімін қабылдау жөніндегі, өндірістік-бақылау құжат­та­ма­сына бақылау нәтиже