21 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 125

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 10 ақпан    № 125     Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 764 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 23, 266-құжат); 2) «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілерді Мемлекеттік тізілімге тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 639-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5 және 26-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.