2011 жылғы 6 сәуір №379 Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
4 және 7-тармақтардағы «науқастарды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздерден кейін «, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаға 1 -қосымшада:
2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын:
«
18. Ретиналды томограф |
19. Жиынтығында 12 мониторы бар орталық байқау станциясы |
20. Кардиохирургия мен нейрохирургияға арналған зерттеу опциясы |
бар компьютерлік томограф |
21. Сұйықтық цитология аппараты |
22. Аралас лазерлік қондырғы |
23. Портативті неонаталды монитор |
24. Қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар нәрестеге |
арналған монитор |
25. Электрокардиография және артериялық қысымды тәуліктік |
мониторингілеу жүйесі |
- Тредмил жүйесі»;
|
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарында:
9-бағанда:
«Магнитті-резонансты» деген сөздерден кейін «және компьютерлік» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 11-жол «180 000» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 15-бағанындағы «689 247» деген сандар «869 247» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолда:
«727 817» деген сандар «907 817» деген сандармен ауыстырылсын;
«16 982 005» деген сандар «17 162 005» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және
ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.