24 Мамыр, 2011

Еуропа банкі қолдады

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өткен сенбіде ЕҚДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы аясында Еуропа Қайта құру және даму банкі Қа­зақ­станға «Ақбұлақ» бағдарламаcын жүзеге асыру үшін қайта­рым­сыз негізде 1 млн. 650 мың еуро бөлетіндігі туралы құжатқа қол қойылды. Бұл құжатқа Премьер-Ми­нис­трдің бірінші орынбасары Өмір­зақ Шөкеев, ЕҚДБ муници­пиал­дық инфрақұрылым департа­менті­нің директоры Жан-Патрик Марк, еліміздің Табиғи моно­по­лия­ларды реттеу, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық істері агенттіктері бас­шы­лары, Атырау, Тараз және Семей қалаларының әкімдері қол қойды. Меморандумға қол қою ба­рысында сөз сөйлеген ЕҚДБ Шы­ғыс Еуропа, Түркия, Кавказ және  Орталық Азия елдері бой­ын­ша атқарушы директоры Оливье Декамп су ресурстарын бас­қа­ру бойынша инфрақұрылым жа­ңарту ісінде қазақстандық тұр­ғын үй-шаруашылық органы мен  банк арасындағы екіжақты әріптестіктің жақсара түскендігін жеткізді. Сон­дай-ақ, ЕҚДБ жеке әріптестермен бірлесе отырып, ағын суларды бөлу және сумен қамтамасыз ету жүйесін  жаңар­ту­ға қоса Қазақстанның муни­ци­палдық органдарына бұдан да жоғары сапалы қызмет көрсетуге бейіл танытып отыр. Меморандум негізінде ЕҚДБ Тараз, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларындағы сумен қамта­ма­сыз ету жобаларының нақты техни­калық-экономикалық негіздемелерін қаржыландыратын бо­лады. Сондай-ақ, инвестициялық қызметтің басым бағыты және сметалық құны анықталатын болады, деді Өмірзақ Шөкеев баспасөз мәслихатында. ЕҚДБ Атырау, Ақтөбе, Тараз және Семей қалаларында мемлекеттік-жеке меншік кәсіпкерлік жоба­ларын әзірлеуді бірлесіп қар­жы­ландыру үшін техникалық көмек пакетін ұсынып отыр. Егер директорлар кеңесі мақұлдаса, онда банк  100 млн. АҚШ доллары со­ма­сында қаржы бөлетін болады. Ө.Шөкеев 2011-2020 жыл­дар­ға арналған «Ақбұлақ» бағдар­ла­масы Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша жасал­ға­нын және су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру мен оған жеке капиталды барынша тартуға бағытталғанын атап өтті. Венера ТҮГЕЛБАЙ.